Archive Наурыз 2023

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

Кітапханашы «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» циклі аясында оқырман балалар мен ата-аналарға Сара Шахинканаттың «Три кота, одно желание» кітабын дауыстап оқыды. Тыңдаушылар достық туралы шағын әңгімені бар ынтамен тыңдады.

«Көңілді ағылшын»

   «Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Pets. Үй жануарлары» тақырыбында өтті. Балалар «Animal noises.Жануарлар дауысы» қызықты ойынын ойнап, үй жануарлары бейнеленген суреттерді сөздермен сәйкестендіріп, ағылшын тіліндегі баламаларын жаттады. Сабақ соңында балалар үй жануарлары жайында ән айтып, би биледі.

«Көктемгі палитра» суреттер көрмесі

Көктем айы – жылдың ең керемет және ерекше бір мезгілі. Біздің кітапханамызда да көктемгі көңіл-күй.
Кітапхананың оқу залында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінің қорынан «Көктемгі палитра» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде әртүрлі авторлардың табиғат тақырыбы, көктемгі гүлдер мен әйел бейнесі біріктіретін 9 түрлі суреттер ұсынылған.
Келіңіздер! Көріңіздер! Көрмені бағалаңыздар!

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!

Кітапхана 01.03-19.04.2023 ж. аралығында «Дарынды бала әлемі» кітабы бойынша 5 жасқа дейінгі балаларға арналған қазақ және орыс тілдерінде «Ертегі ойнаймыз» театрландырылған қойылымдарының қалалық байқауын өткізеді.

«Шуақ»

Көктемнің алғашқы күнінле «Шуақ» шығармашылық студиясының қатысушылары Д.Жұмагелдиеваның «Найди меня, мама» ертегісін оқып болған соң, қатты қағаздан және түрлі-түсті ермексаздан «Ғажайып ағаш» қолөнерін жасады.

«Шәкәрім оқулары» Республикалық байқау

Бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай, «Шәкәрім оқулары» Республикалық байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
Іс-шараға қала мен аудан мектептері арасында өткен байқаудың жеңімпаздары қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Қатысушылар Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығынан арналған сұрақтарға жауап беріп, берілген өлеңдердің шумақтарын талдады.
Шет ауданы С.Сейфуллин кентінен 6 сынып оқушысы Марбекқызы Динара арнайы дипломмен марапатталып және Ақтоғай ауданы Ақши негізгі орта мектебінің 7 сынып оқушысы Амангелді Диана облыстық байқаудың жеңімпазы болып Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастырумен өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Сайысқа қатысқан барлық үміткерлерге сертификаттар табысталды.
Құрметті оқырмандар, асыл мұрамызды ең алдымен оқушылардың жадына сіңіріп, ұлттық құндылықтарымызды насихаттаудан қол үзбейік.