Archive Мамыр 2024

«Көңілді ағылшын»

Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Furniture. Жиһаз» тақырыбында өтті. Балалар карточкалармен ойын ойнап, «Furniture in the House» әнін айтып, ағылшын тіліндегі баламаларын жаттады.

Аспан асты елінің дәмдері

17 мамырда «Либретто» кафе-караоке барының аспазшысы Тан Сяо-Фын бейнеролик арқылы «Аспан асты елінің дәмдері» қытай асханасы тағамдарының дәмін татып көру бойынша шеберлік сыныбын өткізді. Аспазшы балаларға қытай тағамдары туралы айтып «Ағаш саңырауқұлақтары бар сиыр еті», «Сиыр еті бар Ган-фан», «Қуырылған саңырауқұлақтар», «Қуырылған пампушки» және т. б. бірнеше тағамдар дайындап көрсетеді.
Қатысушылар қытай тағамдарының әзірлену жолдарын көріп, сан алуан тағамдардың дәмін татып көрді.

«Natige» ЖШС мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы: әріптестік жаңғырту» дөңгелек үстел

17 мамырда кітапханада «Natige» ЖШС мен Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы: әріптестік жаңғырту» тақырыбында Ұлттық құрылтайдың қорытындыларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ашкеев Қ.Т., кәсіпкер, «Natige» және «220 VOLT» компанияларының бас директоры Әшім Е.М., «TANA» қоғамдық қорының негізін қалаушы (қоғамдық кеңістіктерді жаңғырту және құру), Almaty Tourism Bureau басшысы К. Лұқпанова және Абай атындағы ОБК басшысы Уатаева Б.Қ. баяндамаларын ұсынды.
Дөңгелек үстел барысында Абай атындағы ОБК мен «Natige» ЖШС өзара серіктестік қарым-қатынастарының нәтижелері айтылды, Қарағанды облысының кітапханаларын жаңғырту мәселелері, кешенді кәсіби жаңғырту бойынша жұмыстар-эскиздер, дизайн-жобалар жасау, инженерлік және басқа да шешімдер және т. б. талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар үшін «Трансформация» фотокөрмесі ұйымдастырылды, көрмеде кітапхана кеңістігінің фотосы жаңғыртуға дейін және кейін орналастырылды.

Шай рәсімі

Қытайдың шай ішу рәсімі Гуандун және Фунзян провинцияларында 618 жылдан бастау алады. Қытайлықтар шай ішу барысында асықпай, оның хош иісімен дем алып, сусынның түсі мен дәміндегі өзгерісті бақылап, рәсімнен жан рахатын сезінген.
Кітапханада қытай мәдениеті апталығы шеңберінде Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттеріне шай дайындаудың шебері Ольга Валерьевна Сульженко қытай шайының түрлерімен таныстырып, қызыл күрең, хош иісті шай әзірлеп көрсетті.

«Вин-Чун» ушу шеберлік сыныбы

Қытай мәдениеті апталығы аясында «Вин-Чун» мектебінің шеберлері ушу бойынша шеберлік сыныбы өткізді. Балаларға жаттықтырушы Вин – Чун стилінің тарихы мен аңыздарын туралы айтып, өзін-өзі қорғаудың негізгі элементтерін көрсетті.

Қытай апталығының ашылуы

Кітапханада «Мәдениет тоғысында» жобасы аясында Қытай мәдениет апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Шараның мақсаты қытай елінің әдебиеті, тарихын, өнерін, этикасын тілі мен дәстүрлерін танымал етуге бағытталған. Іс-шараға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жанындағы Конфуций Институты жетекшісі Татьяна Силиньевна Филиппова мен қала мектептерінің оқушылары қатысты.

Ертегілер мен оқиғалар сағаты

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрының актрисасы Марина Марычеваның бала кезінен сүйікті кітабы болған болгар жазушысы Борис Априловтың «Самые новые приключения Лисенка» атты шығармасын дауыстап оқыды.
Балалар дауыстап оқу арқылы мәтінді мәнерлеп оқуда, сөздің көркемдік мағынасын ашуға, сөздің айтылу кезіндегі ерекшелігін қадағалап отыруға мүмкіндік алады.
Балалар әңгіменің қызығушылықпен тыңдап, қонақ оқыған шығарманы талқылады.

«Қазақ халқының қадірлі ұлы» портрет кеші

Абай атындағы балалар кітапханасында Ұлы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жылдығына орай «Қазақ халқының қадірлі ұлы» атты портрет кеші өтті.
Аталмыш кешке Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас Ұлан» мектебінің тәрбиеленушілер мен Қарағанды облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Еркебұлан Серікұлы Мұстағұлов шақырылды.
Патриоттық, ұлтжандылық бағытта өткізілген кездесуден жас ұландар батырдың өмірі мен қызметі, батырлығы, еліне сіңірген ерен еңбегі жайлы мағлұматтар алды.