Желтоқсан 5, 2018 Бала құқығы- асыл қазына By odb-abai inЖаңалықтар Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күніне орай желтоқсан айының 5 күні №83 ЖББОМ 4 «Ә» сынып оқушыларына арнап «Бала құқығы- асыл қазына» атты әдеби викториналық ойын өткізілді. Әрі қарай оқу
Шiлде 5, 2018 Әдебиет апталығы By odb-abai inЖаңалықтар Бейсенбі-Кітапханада жаңа әдебиеттер күні. «Смайлик» атты жазғы лагерьде демалушы балалар және №15 ЖББОМ бастауыш сынып оқушыларының қатысумен кітапхана қорына жаңадан түскен қазіргі заманғы, ғылыми-танымал, қызықты кітаптарға шолу жасалды. Шолу соңында балалар ғылым әлемі туралы қызықты жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақтар құрады.
Маусым 5, 2018 Пайдалы жаз By odb-abai inЖаңалықтар Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы көп жылдардан бері балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысады.Ол жазғы мектеп демалысы ішінде – «Жаз. Балалар. Кітап» бағдарламасын, жазғы оқу залын және балалар әдебиеті мен балалар оқуын насихаттауға бағытталған әртүрлі бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырушысы және қатысушысы. Әрі қарай оқу
Сәуiр 5, 2018 «Денсаулық – зор байлық» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында 2018 жылғы 5 сәуірде №38 гимназияның 3 «В» сыныбы оқушыларымен «Денсаулық – зор байлық» танымды денсаулық сабағы өткізілді. Әрі қарай оқу
Наурыз 5, 2018 Прозадағы менің бейнем By odb-abai inЖаңалықтар Әдебиеттің көркем сөз жанры, сөз өнерінің дербес, айрықша түрі – проза. Наурыз айының 2 күні балалардың шығармашылық қабілеттерін қолдау мақсатындағы «Абай жүрген ізбенен…» клубының кезекті отырысы осы прозаға арналып, «Прозадағы менің бейнем» тақырыбында әдеби әңгіме қозғалды. Әрі қарай оқу
Наурыз 5, 2018 «65 жыл – 65 кітап» кітап көрмесі By odb-abai inЖаңалықтар Биыл Абай атындағы балалар кітапханасы өзінің 65 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы айтулы іс шараның құрметіне орай кітапхана өз оқырмандары мен қонақтарына «65 жыл – 65 кітап» бірегей эксклюзивті кітап көрмесін ұсынады. Бұл көрме сөрелеріне Әлемдік танымал 65 әдеби кітаптар өз оқырмандарын күтеді. Сонымен бірге көрмемен танысуға келген әрбір оқырман өзі оқыған кітаптары атаулары мен ұсыныстарын «Оқырман кеңес береді» атты почта ұяшығына қалдыруға мүмкіндігі бар. Осы кітаптардың кейіпкерлерімен арман-қиял әлеміне қызықты саяхат жасаңыздар. Оқыңыздар және армандаңыздар!!!
Наурыз 5, 2018 Елбасы әр Жолдауы – тарихи құжат By odb-abai inЖаңалықтар Наурыз айының 5-і күні ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кітапхана қызметкерлері №41 ЖББОМ барып 8-9 сынып оқушыларының қатысумен «Елбасы әр Жолдауы – тарихи құжат» атты әңгіме өткізді. Кітапханашы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында он бағыт оқушыларға жеке-жеке талдау жасап түсіндіріп өтті. Іс-шара барысында «Жолдау – барша қазақстандықтардың игілігі» атты презентация көрсетілді.Әңгіме танымдық тұрғыда маңызды болып, оқушылар мен ұстаздар өз ойларын ортаға салды. Жолдау мазмұнын ашатын әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылған «Жолдау – дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты тақырыптық сөреге шолу жасаумен аяқталды.