Archive 18.10.2018

Біз толеранттылық үшін

18 қазанда Ғ.Мұстафин атындағы № 83 мектептің 3 «В» сынып оқушылары үшін кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясы және Рухани келісім күніне арналған «Біз толеранттылық үшін» мейірімділік сабағы өткізілді. Әрі қарай оқу

Өнер күні

Өнерді жақсы түсінетін адам зиялы және көп оқыған адам ретінде танылады. Сондықтан баланың сұлулыққа деген сүйіспеншілігін кішкентай кезінен тәрбиелеу өте маңызды, өйткені ол сезімтал әрі білімді болып ержетеді. Бірақ баланың қызығушылығын тудыру үшін өнер туралы қалай әңгімелеуге болады? Әрине, кітап арқылы. Әрі қарай оқу

«Латын әліпбиі жаңа көшке бастар керуенбасы»

Кітапхана мамыр айының 18 күні қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуін насихаттау мақсатында қаламыздың №6 ЖББОМ 5 сынып оқушыларына арнап “Латын әліпбиі жаңа көшке бастар керуенбасы” ақпараттық сағат өтті. Әрі қарай оқу

Бір аймақ-бір кітап: «Жау тылындағы бала»

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-интернат оқушыларына кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиет оқу арқылы жасөспірімдердің рухани және адамгершілік әлеуетін дамыту мақсатында «Бір аймақ – бір кітап» облыстық акция жариялады. Акция ұстанымы: «Мен де оқимын, сен де оқисың, Қарағанды өңірінің бәрі де оқиды». Әрі қарай оқу

Президент Жолдауы – дамудың тірегі

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында кітапхана қызметкерлері №6 ЖББОМ 10-11 сынып оқушыларымен «Президент Жолдауы – дамудың тірегі» атты ақпараттық сағат өткізді. Әрі қарай оқу