Archive 01.10.2018

Салауатты елде, мен де салауаттымын

№3 гимназиияның 1 «в» оқушылары үшін АМЖК қалалық орталықтың педиатр дәрігері Лариса Петровна Агафоновамен бірлесе 1 қазанда «Салауатты елде, мен де салауаттымын» денсаулық сағаты өткізілді. Әрі қарай оқу

Парақтардағы күн шуағы

Тамыз айының 1- күні «Күншуақ» зияткерлік бөлмесінде «Гвоздичка» балабақшасының жоғарғы топ балалары үшін «Парақтардағы күн шуағы» атты әдеби дилижанс өтті.

Кітапхана қызметкерлері таныстыру экскурсиясын, жаңа әдебиеттердің шолуын, «Ертегіде қонақта» электронды викторинасын өткізді. Балалар жұмбақтар шешіп, бірлесе викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның соңында Е. Матюшкинаның «Веники еловые» ертегісі бойынша мультфильм көрсетілді.

 

Жолбарыспен әңгімелесу

Балалар әдебиеті әрдайым балаларға да, ересектерге де ұнайды. Ересектер тіпті балалық шағы туралы еске түсіріп, сол арқылы өздеріне жақсы көңіл – күй сыйлайды.

Кітапханамыздың «Күншуақ» бөлмесінде кезекті дауыстап оқылымда Дональд Биссеттің «Жолбарыспен әңгімелесу» атты кітабы таныстырылды. Д.Бисеттің шығармашылығы Лондон телеарнасына және балалар бағдарламасына ертегілер жазудан бастаған. Автордың кітаптары кез-келген жаста оқылатын сиқырлы кітаптардың тізімінен үнемі табылып келеді. Әрі қарай оқу

Балаларды қорғаудың халықаралық күні

2018 жылғы 1 маусымда табиғат бізге жылы, күншуақты және қуанышты күн сыйлады, ал кітапханада бұл күннің қуынышты болу себебі, жаздың алғашқы күнінде көптеген елдерде Балалардың халықаралық күні атап өтіледі (International Children’s Day). Әрі қарай оқу

Ағылшын сабақтары

Кітапханада 1 сәуірде «English through games-Английский через игры» үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді.

Оған 7-11 жас аралығындағы балалар қатысты. Сабақтың басты тақырыбы – мамандықтар туралы. Тақырыптық кәртішкелер қорлданылып, балалар ағылшын тілінде жұмбақтарды шешті, әндер айтты, өздерінің ойларын білдірді. Сонымен қатар, сабақ барысында сәтті түрде барлық өткен тақырыптарды қайталады. Балалар сабаққа қызыға және барлық ынталарымен қатысты.

Лаңкестіктің ұлты, діні, шекарасы жоқ

Қазақстанда және әлемде лаңкестік пен терроризмге қарсы жүргізіліп жатқан іс-әрекеттерді жас жеткіншектерге түсіндіру мақсатында кітапхана қызметкерлері ақпан айының 1-і күні №3 гимназияның 9-сынып оқушыларына барып «Лаңкестіктің ұлты, діні, шекарасы жоқ» атты әңгіме өткізді. Әрі қарай оқу