Ақын, аудармашы

Ақын, аудармашы

                28 наурыз күні «Ақын, аудармашы » С.Қамшыгермен онлайн – кездесу өтті.
С.Қамшыгер жазушы, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналының бұрынғы бас редакторы, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Көңіл көктемі» кітаптарының авторы, аудармашы.
Саят Қамшыгердің балаларға арналған «Менің алғашқы кітабым», «Менің алғашқы танымым», «Менің сүйікті әліппем» кітаптары жарыққа шыққан.
Саят Қамшыгер аударма саласында да елеулі еңбек етіп келеді.
Онлайн – кездесуде ақынмен шығармашылық және қазақ балалар әдебиеті жайлы сұхбат жүргізілді. Ал кішкентай оқырмандар Саят Қамшыгердің өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

IMG_2147
IMG_2149
IMG_2156
IMG_2161
IMG_2164
photo_2021-03-28_15-09-09
Comments are closed.