Қарттарым – асыл қазынам

Қарттарым – асыл қазынам

1 қазан қарттар күні – мейірімді және шуақты мереке. Бұл мерекенің бүгінгі таңда маңызы өте зор. Балалар кітапханасы әр күз сайын кітапхананың бұрынғы қызметкерлерін, бүгінгі зейнеткерлерді Халықаралық мереке – Қарттар күнімен құттықтау үшін қуана қарсы алады.

Қонақжай үстел басында кітапхана ардагерлері мен қызметкерлері және қонақтар жиналды: С.Б.Абельсеитова, Р.Ш.Дүкенбаева, Р.С.Жұмағұлова, Г.А. Колесникова, Б Р. Майлыбаева. Кітапхана басшысы Уатаева Баян Қуанышқызы мереке қонақтарын шын жүректен құттықтап, оларға кітапхана ұжымы атынан естелік сыйлықтар тапсырды. Кездесу барысында қариялар мерекелік дастарханнан дәм татты.

Дастархан басында қонақтар лайықты демалыста болған кезде немен айналысатыны туралы қызықты әңгімелерін айтты. Өткен жылдарды еске ала отырып, шынайы әдемі көңіл күймен отырып әңгімелесті.

Біздің зейнеткер кітапханашылар кітапхананы “екінші үй” деп танығандары үшін ұжым қызметкерлері өте ризамыз. Бұл кездесулер ұрпақтардың сабақтастығы, біздің ортақ ісіміздің маңыздылығы мен өз мамандықтарына деген махаббаты болып табылады.

Қымбатты кітапханашылар сіздерді қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Comments are closed.