Ару қала, арман қала, бас қала – Астана

Ару қала, арман қала, бас қала – Астана

Тәуелсіз еліміз Қазақстан биыл елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өттіп жатыр.

Мерейтойлық мерекені тойлау қарсаңында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Ару-кала, арман қала, бас қала – Астана» атты ойын-сауық бағдарламасыөткізілді. Бұл мерекеге Қазыбек би ауданындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің және «Нова» талант орталығының тәрбиеленушілері белсенді қатысты.

Өткізілген іс-шара бағдарламасында елорданың қалыптасу тарихы, мәдениет орындары мен тарихи фактілері, «Туған жер – алтын бесік» атты интерактивті викторинасы өткізілді. Біздің қаламыздың жас таланттары Н.Шынарбек, М.Серік, Б.Тоқтарова өз өнерлерін Астанаға шашу етті.

3 шілде күні «5 арна» және «Бірінші Қарағанды» телеарналарының кешкі жаңалықтарында іс-шара туралы ақпарат көрсетілді.

4 шілдеде «Жаз. Балалар. Кітап » жазғы алаңында қала балаларына Астана күніне орай тақырыптық көрме, интерактивті ойын-сауықтары өткізіліп, асфальтқа сурет салды. Балалар Астана қаласының танымал ғимараттарының пазлдарын құрады.

Comments are closed.