«Қасым Қайсенов – өмірлік ерлік» кітап көрмесі

«Қасым Қайсенов – өмірлік ерлік» кітап көрмесі

Кітапханамыздың оқу залында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Қасым Қайсенов – өмірлік ерлік» атты көрмесі рәсімделді.
Бұл көрмеде сіздер қазақстандық жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсеновтың ең танымал шығармаларымен танысасыздар.
Партизан – жазушы өз еңбектерінде Ұлы Отан соғысының ең қиын кезеңдерін, қарапайым сарбаздардың жанқиярлық ерлігін шынайы сипаттаған.
Автордың көптеген шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Қасым Қайсенов туралы «Без права на выбор», «Қасым» көркем фильмдері түсірілді.
Құрметті оқырмандар баршаңызды Қасым Қайсеновтың шығармаларын оқуға шақырамыз!

Comments are closed.