Archive Мамыр 2023

“Дауыстап оқу”

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» циклінен кезекті дауыстап оқу өткізілді. Ёсико Кояманың «Сиқырлы орындық» ертегісін оқуға ұсынылды.
Балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдады.

«Пілге арналған тіс пастасы»

19 мамырда біздің «Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасында «Пілге арналған тіс пастасы» тәжірибесі өткізілді. Бұл эксперимент үшін бізге қажет: сутегінің асқын тотығы, сұйық сабын, ашытқы, жылы су және тағамдық бояу. Тәжірибе сутегінің асқын тотығының су мен оттегіге қалай ыдырайтынын көрсетеді, ал ашытқы катализатор ретінде, яғни реакцияны жылдамдатады. Сабынның арқасында үлкен көпіршіктер пайда болады! Нәтижесінде көбік жанартауы пайда болады. Мұндай экспериментті әркім өз үйінде оңай жасай алады!

 

«Өшпес мұра қалдырған ұлы ақын» поэтикалық кеші

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында Алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Өшпес мұра қалдырған ұлы ақын» атты поэтикалық кеші өткізілді.
Кешке Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ, журналистика кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ә.Құтжанұлы, «Мағжанның Педагогикасы» және ұлт тәрбиесі» бағыты бойынша 1- орын иегері «Мурагер» мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Қ.Беллулин, М.Жұмабаев атындағы №39 гимназиясының тарих пәнінің мүғалімі Ж. Мустафина арнайы спикер ретінде қатысты.
Шара барысында М.Жұмабаев туралы деректі фильм көрсетіліп, М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия, №16 ЖББМ, №36 ЖББМ оқушылары ақынның шығармаларынан үзінді оқып, ақынның өмірі мен шығырмашылығымен танысты.
Қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы М.Жұмабаевқа арналған «Мағжан ұрпақтапрының әнінің» әуенімен «Сенім» вокалдық тобы әдеби кештің әрін келтірді.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай кітапханамызда жағымды, сүйінші хабарлар болды. Орта және жоғары сынып оқушыларына балаларға қызмет көрсету бөлімінің басшысы ПОДГАЙНОВА МАРИНА НИКОЛАЕВНАНЫ Мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған облыс әкімінің «ҮЗДІК КІТАПХАНАШЫ» номинациясымен құттықтаймыз.
Сонымен қатар кітапханамыздың инженер-жүйетехнигі МУХАШЕВА НАЗЕРКЕ ҚАЙРАТҚЫЗЫН Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «ҮЗДІК IT-МАМАН» номинациясының жеңімпазы атануымен құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық, еңбекте жеміс тілейміз!!!

«Күй атасы – Құрманғазы» әдеби-музыкалық кеш

Кітапханада қазақ даласын асқақ та жігерлі күйлерімен тербеген ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Күй атасы – Құрманғазы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді.
Күй – ұлтымыздың үні мен сөзі болған, халқымыз дүниеге әкелген көркем құндылықтардың шыңы. Ал, Құрманғазы – ұлттық мәдениет пен музыканы әлемдік деңгейге көтерген өнер иесі.
Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші өз шығармаларында халықтың тәуелсіздігі пен бостандығы туралы терең ой-толғамын бейнелеген. «Алатау» және «Сарыарқа» күйлері қазақ күй өнерінің жауһар қазынасы қатарында десек, артық айтқандық емес.
Іс-шараға Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің директоры Санжар Ашкенов және №6, №10
жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары қатысты.
Шара барысында Құрманғазы Сағырбайұлының күйлері, соңына қалдырған мол мұрасының тарихы, атқарған қызметтері жайлы мағлұмат беріліп, көпшілік назарына өмірі мен шығармашылығы жайында бейнежазба ұсынылды.

 

«Жол ережесін сақтайық!»

Бүгін кітапханада балалардың жол-көлік оқиғалары кезіндегі зардап шегуі, жарақат алуының алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын нығайту мақсатында № 88 ЖББМ 1-сынып оқушылары үшін жол полициясының инспекторы Ерасыл Сәбитұлы Мұраттың қатысуымен «Жол ережесін сақтайық!» ақпараттық сағаты өтті.
Кітапханашы жол қозғалысы ережелерінің тарихы және жол қозғалысы ережелері тек жүргізушілер үшін ғана емес, жаяу жүргіншілер де не үшін қажет екендігі туралы айтып берді.
Инспектор жол белгілері мен жолда жүру ережелерін сақтау, көшеде балаларды дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, жаяу жүргіншілердің жолда және аула ішінде, көлікпен немесе велосипедпен жүру кезіндегі жүріс-тұрыс дағдылары бойынша профилактикалық әңгіме жүргізді.

 

 

«Кел, қазақша сөйлейік!»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Пішіндер қалашығына саяхат» тақырыбында өткізілді.
Балалар сабақта дөңгелек, шаршы және үшбұрыш, бес бұрышты жұлдыз сияқты геометриялық пішіндердің атауын қазақ тілінде айтып үйренді.

 

«Комиксburg»

17 мамыр күні кітапханада 10-11 жас балаларға арналған «Комиксburg» балалар комикстерінің (суреттелген әңгімелер) облыстық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Байқау 01.02.-14.05.2023 аралығында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы аясында қазақ балалар әдебиетінің кемеңгері Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: балалар мен жасөспірімдердің қазақстандық авторлардың шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру; кітапты және кітап оқуды танымал ету; қиялды дамыту және өз ойларын сөзбен және суретпен білдіру дағдыларын көрсету; әдеби шығармалар әлемін белсенді білетін, оқитын балалар қауымдастығын қалыптастыру.
Байқауға Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан 116-дан астам жұмыс келіп түсті.
Байқау жұмыстарына әділ қазылық жасап, жеңімпаздарды анықтауға жұмылдырылғандар: балалар мен жасөспірімдер сарайының «Ала гүлдер» үлгілі бейнелеу өнері студиясының жетекшісі Олжас Исаинов; Н. Нұрмақов атындағы мектеп-лицей-интернатының тарих пәнінің оқытушысы Әсем Тарыбаева; «Мандарин» шығармашылық бейнелеу студиясының негізін қалаушы, «№2 балалар өнер мектебі» КМҚК педагогы Мария Костина және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Елизавета Казакова.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
I орын – Төлепбергенов Қуаныш (Теміртау қ.) және Сембек Ақмарал ( Саран қ.) – графикалық планшет;
II орын – Майданова Інжу (Қарағанды қ.) және Семенова Анастасия (Осакаров ауданы Молодежный к.) – смарт сағат;
III орын – Еркеназ Жанабай (Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылы.) және Арыстанбекова Ақерке (Абай ауданы Топар к.) – Bluetooth колонка.
Байқау аясында ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының шешімімен арнайы ынталандыру номинациялары бекітіліп, жеңімпаздар диплом мен VR-көзілдірікпен марапатталды.
• «Әділ қазы көзайымы» – Валеева Екатерина (Қарағанды қ.) және Өсербай Кәусар (Нұра ауданы Жараспай ауылы);
• «Бірегей идея» – Бектұрған Аружан (Қарағанды қ.) және Нефедова Софья, (Шахтинск қ.);
• «Бірегей сюжет» – Рымбеков Бейбарыс (Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы) және Тишкин Валерия, (Бұхар жырау ауданы Новоузенка ауылы);
• «Менің кейіпкерім» – Күмісбек Нұртілек (Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы) және Нұрпейіс Айсана (Абай ауданы Топар к.).
Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларына А. Тоқтаровтың жетекшілігімен Қарағанды қаласының «№21 ЖББМ» домбырашылар ансамблі музыкалық құттықтауларын білдірді.

«Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» кітапхананалық нон-стоп

Бүгін кітапханашылар №91 ЖББМ-де және Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 5-сынып оқушыларына арналған кітапхана бойынша сырттай экскурсия өткізді.
Виртуалды экскурсия-бұл кітапхананы жарнамалаудың ең танымал нұсқаларының бірі, балалар кітапханасы туралы бейнені көргеннен кейін балалар оған барғысы келді. Кітапханашылар кітапхана қызметтері туралы айтып, жаңа кітаптарды көрсетіп, клубтар мен үйірмелерге баруға шақырды.
Осы күні кітапханаға даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №3 арнайы мектеп-интернатының оқушылары да келді. Балалар кітапханашының балалар кітаптары мен қызықты Библия оқиғалары туралы әңгімесін қызығушылықпен тыңдады. Көптеген балалар кітапхананың жаңа оқырмандарына айналды.

«Дәуірдің қаралы парақтары» атты реквием-кеші

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай кітапханада «Дәуірдің қаралы парақтары» атты реквием-кеші өткізілді. Іс-шараға Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейінің ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы И.Кондрашов және №15 ЖББОМ 10 сынып оқушылары қатысты.
Оқушыларға «КарЛАГ» бейнеролигі көрсетіліп, Карлаг тұтқындарының бірі Генрих Эйхлердің қиын тағдыры туралы айтылды. Ол Мәскеудегі Детгиздің бастауында тұрып, өмір жолын Қарағандыда аяқтады. Балалардың назарына бір экспонаттың тарихы, Г.Эйхлердің К. Паустовскиймен хат алмасуы ұсынылды.
Кездесу барысында оқушылар қуғын-сүргін және террорлық әр түрлі қиын тағдырлардан өткен тұтқынға түскен ақындардың өлеңдері оқылды. Олардың арасында Наум Коржавин, Анна Баркова және Николай Заболоцкийлер бар.
Іс-шара соңында «Карлаг: адам және тағдыр» кітап көрмесіне шолу жасалды.