«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңы.
27-бап. Мүгедектердiң мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына бара алуын қамтамасыз ету
Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi қамтамасыз етедi.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар санамалап көрсетiлген қызметтердi – бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектер аталған қызметтер құнының елу процентін төлеп пайдаланады.

Comments are closed.