«Балаларға арналған қызықты библиография»

«Балаларға арналған қызықты библиография»

31 қазан күні кітапханада «Балаларға арналған қызықты библиография» шығармашылық зертхана форматында облыстық семинар өтті.
Семинар оқырман балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, библиографияны насихаттау бойынша балалар кітапханаларының жұмысын жандандыру, кітапханашылардың кәсіби шығармашылығын дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Аталмыш семинарда Бұқар жырау орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі А.Искакова өлкетану бағытындағы библиографиялық көрсеткіш құрастырудан шеберлік сабақ көрсетті. Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің анықтамалық-библиографиялық бөлімінің басшысы К.Жанашева «Балаларға библиографиялық қызмет көрсетудің ерекшеліктері» және Қарағанды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №12 балаларға қызмет көрсету филиалының меңгерушісі С.Сарычева «Балаларға арналған библиографиялық нұсқаулық» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ,  инновациялық-әдістемелік бөлімінің әдіскері Ж.Шаймуханбетова «Библиографияны қалай қызықты етуге болады?» тақырыбында әдістемелік кейстерін көрсетті.
Семинарда «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы мерзімді баспасөз беттерінде» электронды библиографиялық көрсеткішінің тұсаукерін өткізді. Көрсеткіш балалар кітапханасының 70 жылдығына орай құрастырылған.
Семинар соңында кітапханашылар белсенді шығармашылық ұстаным, нәтижеге жұмыс, жұмыстың жаңа түрлерін іздеу туралы болашақтағы ақпараттық-библиографиялық қызметтің перспективаларын талқылады.

Comments are closed.