Archive Қазан 2023

«Балаларға арналған қызықты библиография»

31 қазан күні кітапханада «Балаларға арналған қызықты библиография» шығармашылық зертхана форматында облыстық семинар өтті.
Семинар оқырман балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, библиографияны насихаттау бойынша балалар кітапханаларының жұмысын жандандыру, кітапханашылардың кәсіби шығармашылығын дамыту, кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.
Аталмыш семинарда Бұқар жырау орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі А.Искакова өлкетану бағытындағы библиографиялық көрсеткіш құрастырудан шеберлік сабақ көрсетті. Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің анықтамалық-библиографиялық бөлімінің басшысы К.Жанашева «Балаларға библиографиялық қызмет көрсетудің ерекшеліктері» және Қарағанды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №12 балаларға қызмет көрсету филиалының меңгерушісі С.Сарычева «Балаларға арналған библиографиялық нұсқаулық» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ,  инновациялық-әдістемелік бөлімінің әдіскері Ж.Шаймуханбетова «Библиографияны қалай қызықты етуге болады?» тақырыбында әдістемелік кейстерін көрсетті.
Семинарда «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы мерзімді баспасөз беттерінде» электронды библиографиялық көрсеткішінің тұсаукерін өткізді. Көрсеткіш балалар кітапханасының 70 жылдығына орай құрастырылған.
Семинар соңында кітапханашылар белсенді шығармашылық ұстаным, нәтижеге жұмыс, жұмыстың жаңа түрлерін іздеу туралы болашақтағы ақпараттық-библиографиялық қызметтің перспективаларын талқылады.

«Қауырсын қалам» клубы

«Қауырсын қалам» клубы өз жұмысын жалғастыруда. 30 қазанда «Жарқын арманның асқақ ақыны» шығармашылық студиясы өтті.
Шара барысында жас ақындар өздерінің жаңа өлеңдерін оқып, клубтың жаңа мүшесі Надежда Коханенконың шығармашылығымен танысты.
Кездесу соңында балалар логиканы, түйсігі мен шешендік өнерді дамытуға ықпал ететін «Тыңшы» ойынын ойнады.

Кітапханашылар күні!

Бүгін Қарағанды облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық кітапханалармен бірлесіп Кітапханашылар күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті. Айтулы іс-шарада Абай атындағы ОБК қызметкерлері:
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісімен құжаттарды толықтыру, өңдеу және негізгі қорды сақтау бөлімі басшысының м.а.– Л.В Кирина марапатталды. «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен кітапхана үдерісін автоматтандыру бөлімінің басшысы – Е.О. Кучаева марапатталды.
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен шаруашылық жөніндегі инспектор- С.С.Қосыбаева және шаруашылық – қамтамасыз ету бөлімінің жұмыскері Қарашаш Тоженова марапатталды.
Сондай-ақ, «Облыстық кітапханалардың үздік кітапханашысы» номинациясымен инновациялық – әдістемелік бөлімі басшысының м.а. О.М. Мусина марапатталып, 250 мың ақшалай сыйлықтың сертификаты табысталды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, еңбектеріне жеміс тілейміз!

«Тың – біздің ұрпақтың тамаша тағдыры» кездесу

Кітапханада «Тың жер» кітабын құрастырушы автор Наталья Рожновамен қызықты кездесу өтті.
2024 жылы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 70 жыл толады. Бұл тақырып бүгінгі күнге дейін өзекті, өйткені ол біздің өлкеміздің тарихи деректерді қамтиды. Кездесу орталық Қазақстандағы тың жерлерді игеру және беларустарды қазақ жеріне көшірумен байланысты тарихи деректер бағытымен танысу болды. Құрастырушы автор кітап жинақтау идеясының пайда болуы және әңгімелерде жеке тарауларға енген адамдармен кездесулері туралы айтты.
Әңгіме барысында болашақ кітаптың қолжазбасы ұсынылды.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірме

Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында «Гвоздичка» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жеміс-жидектер» тақырыбында өткізілді.
Балалар жемістер мен көкөністердің қазақша атауларын айтып үйренді. Сабақ сергіту сәтімен жалғасып, сұрақ жауап тапсырмалар орындады. Балалар «Өзіңнін сүйікті жемісінді тап» атты ойын ойнады. Сабақ көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.

«Киіз үй» этноконструкторы

Бүгін біздің кітапханаға Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының балалары қонақта болды.
Балалар кітапхана бөлімдері және қызықты танымдық кітаптармен танысып, «Киіз үй» этноконструкторын құрастыруға қатысты.

«Кел, қазақша сөйлейік!»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында «Гвоздичка» балабақшасының тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жеміс-жидектер» тақырыбында өткізілді.
Балалар жемістер мен көкөністердің қазақша атауларын айтып үйренді. Сабақ сергіту сәтімен жалғасып, сұрақ жауап тапсырмалар орындады. Балалар «Өзіңнін сүйікті жемісінді тап» атты ойын ойнады. Сабақ көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.

«Көңілді ағылшын»

«Көңілді ағылшын» үйірмесі өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті сабақ «Animals» тақырыбында өтті. Балалар зердесін тек көру ғана емес, есту жағынан да дамытатын «Лото» ойынын ойнады.

Республика күні

Елімізде 25 қазан күні Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы күннің құрметіне кітапханада «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты мерекелік микрофон өткізілді. Шараға №51 қосымша білім беру мектеп-орталығы, Ғ. Мұстафин атындағы ЖББМ оқушылары қатысты. Балалар Отан, Қазақстан, туған жер жайлы өлеңдерді мәнерлеп оқып, ән шырқады. Жас оқырмандар «Қазақстан – туған жерім, туған елім!» атты кітап көрмесімен танысты.

«Шаштараз-стилист» кездесу

Кітапханада «Сервис» колледжінің бірінші курс студенттері шаштараз- стилист Юлия Ковалевскаямен кездесті. Қонақ 20 жылдық тәжірибесі бар макияж суретші Қазақстанда ғана емес, жақын шетелде де көптеген шаштараз байқауларының жеңімпазы болып табылады. Шебер балаларға өз қызметінің қыр-сырымен бөлісті. Табандылық пен өзін-өзі дамытудың арқасында қарапайым шеберден бастап, «Париж» сұлулық салонының иесі атанғаны туралы айтып берді.
Іс-шара барысында балалар сәннің қалай өзгергені туралы шағын фильм тамашалап, сән трендтері туралы кітаптармен танысты.