«Балаларға базарлық» оқырман конференциясы

«Балаларға базарлық» оқырман конференциясы

Кітапханада 25 ақпан күні балалар ақындары Жақан Смақовтың 90 жылдығы және Ескен Елубаевтың 80 жылдығына орай «Балаларға базарлық» атты оқырман конференциясы өткізілді.
Оқырман конференциясы Балалар жылы және Балалар әдебиеті жылы аясында өтіп отыр.
Конференцияның мақсаты: Балаларға ақындардың өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұмат бере отырып, Қазақстандық балалар жазушылары шығармаларын оқуға деген ынталарын арттыру.
Шараға оқырмандармен кездесу үшін Ж. Смақовтың қызы Манат Жақанқызы Алматы қаласынан арнайы шақырылды, сонымен қатар нағашы ағасы Аманжол Әубәкірұлы, ақынның жерлестері Сайлау Балташұлы мен Жомарт Қызбалаұлы құрметті қонақ болды. Сондай-ақ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетінің оқытушысы ф.ғ.к. доцент Жанар Айдарбекқызы және С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа ауданының кітапханашылары мен Қарағанды қаласының мектеп оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында қарапайым жырларымен-ақ жеткіншектер жүрегіне нұр сеуіп, қыруар іс атқарған көрнекті балалар ақындары шығармашылығы туралы айтылып, Қарағанды қаласының мектеп оқушылары ақындардың өлеңдерін оқып, жұмбақтарын шешті. Сондай-ақ, Ж.Смақовтың сөзіне жазылған «Жалау» әні орындалып, Е. Елубаевтың «Саған күшік керек пе?» фильмінен үзінді көрсетіледі. Кітапхананың оқу залында «Бала жанының бағбандары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

1-nYv9RIfbSu8
1-jHWwE2WtGV8
2-4OT4jUaab0g
2-UICiHWJjOdo
3-wnDe8AjIZOU
3-Xnop1oAhCK4
4_zrXnlBKsEI
4-skMZ4T6gmYk
5-1TPfM8FL4PE
5-MiuvcYDHZOY
6-G5Diom8Cqoo
6-VPRMCh5AYI0
7_gzJwz84GTk
8-hlCg-aZOSkc
8-xbiEG_mSArI
7_7k6RF_OY0
Comments are closed.