Ақпан 27, 2022 «Мен – тұлғамын» коучинг орталығы By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада «Мен – тұлғамын» коучинг орталығы аясында кезекті «Эмоционалды интеллект» уәждемелік және дамыту тренингі өткізілді. Эмоция дегеніміз не және оның басқа сезімдерден қандай айырмашылығы бар? Эмоция адам өмірінде қандай роль атқарады? Өзіңнің эмоцияларыңды қалай басқаруға болады? Шақырылған коуч – жаттықтырушылар – кәсіби психологтар Ольга Пенькова мен Татьяна Спиридонова осы сұрақтарға жауап берді. Балалар әртүрлі эмоциялар мен олардың түстерін талдап топтарға бөлінді де, әртүрлі тапсырмаларды орындады. Бірден қарапайым көрінген ойындар жоғары деңгейде көңіл бөлуді талап етті. Балалар осылай эмоцияларды басқаруды үйренді. Жаттықтырушылар тренинг соңында қатысушылармен эмоционалды жаттықтыру өткізді.
Ақпан 25, 2022 “Қызықты ғылым” By odb-abai inЖаңалықтар 25 ақпан күні “Қызықты ғылым” кітапханалық зертханамыздың кезекті сабағында, күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым заттардың көмегімен танымды тәжірибе өткізілді. Сірке қышқылы және ас содасының қосылу нәтижесінде пайда болған көмірқышқыл газының көмегімен жас зерттеушілер, зертхананың модераторымен бірге шарларды үрледі. Тәжірибенің қарапайымдылығына қарамастан, балаларға ересектердің қадағалауымен ғана тәжірибе жасау қажет екенін еске салды. Тәжірибеден кейін балаларды үйде өткізуге болатын тәжірибелер туралы кітаптармен таныстырып, келесі сабаққа шақырды.
Ақпан 25, 2022 «Балаларға базарлық» оқырман конференциясы By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада 25 ақпан күні балалар ақындары Жақан Смақовтың 90 жылдығы және Ескен Елубаевтың 80 жылдығына орай «Балаларға базарлық» атты оқырман конференциясы өткізілді. Оқырман конференциясы Балалар жылы және Балалар әдебиеті жылы аясында өтіп отыр. Конференцияның мақсаты: Балаларға ақындардың өмірі мен шығармашылығы жайында мағлұмат бере отырып, Қазақстандық балалар жазушылары шығармаларын оқуға деген ынталарын арттыру. Шараға оқырмандармен кездесу үшін Ж. Смақовтың қызы Манат Жақанқызы Алматы қаласынан арнайы шақырылды, сонымен қатар нағашы ағасы Аманжол Әубәкірұлы, ақынның жерлестері Сайлау Балташұлы мен Жомарт Қызбалаұлы құрметті қонақ болды. Сондай-ақ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің филология факультетінің оқытушысы ф.ғ.к. доцент Жанар Айдарбекқызы және С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа ауданының кітапханашылары мен Қарағанды қаласының мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында қарапайым жырларымен-ақ жеткіншектер жүрегіне нұр сеуіп, қыруар іс атқарған көрнекті балалар ақындары шығармашылығы туралы айтылып, Қарағанды қаласының мектеп оқушылары ақындардың өлеңдерін оқып, жұмбақтарын шешті. Сондай-ақ, Ж.Смақовтың сөзіне жазылған «Жалау» әні орындалып, Е. Елубаевтың «Саған күшік керек пе?» фильмінен үзінді көрсетіледі. Кітапхананың оқу залында «Бала жанының бағбандары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Ақпан 24, 2022 «Махаон» баспасы ұсынады…» кітап көрмесі By odb-abai inЖаңалықтар Біз оқырмандарымызды танымал кітап баспаларымен таныстыруды жалғастырамыз. Бұл жолы 1993 жылы кітап нарығында пайда болған ресейлік баспа «Махаон» ooks таңдалды. Баспа өнімдері өте алуан түрлі шығарылған кітаптардың ішінде танымал авторлардың көркем туындыларын, түрлі-түсті кең көлемді энциклопедияларды және үлкен сериялық басылымдарды табуға болады. Кітап сөресінде біздің жас оқырмандардың сүйіп оқитын әдебиеттер жинақталған. Мұнда К. Функенің қызықты фантастикалық оқиғалары, Э. Портердің романдары, Э. Блайтонның детективтік әңгімелері және тағы басқалар бар. Келіңіздер! Оқыңыздар!
Ақпан 24, 2022 Кинозал «Қаз дауысты Қазыбек би» By odb-abai inЖаңалықтар Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығына орай «Сарыжайлау» кинотеатрымен бірлесе отырып «Қаз дауысты Қазыбек би» атты кинозал өтті. Сабаққа №17 ЖББМ және Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің 7-10 сынып оқушылары қатысты. Балалардың назарына «Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге Қазыбек бидің өмірбаяны мен шешендік жолы туралы мол мағлұмат жинақталған кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. Оқушылар Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Қаз дауысты Қазыбек би» атты деректі фильмін тамашалады. Фильмнің сценарий авторлары әрі режиссерлері драматург, режиссер Ғазиз Насыров пен әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай. Кітапхана қорына кинотеатр ұжымының атынан «Ғасырлар даналығы бабалар мұрасында» кітап фотоальбомы, «Қаз дауысты Қазыбек би» CD-дискісін сыйға тартты. «Сарыжайлау» кинотеатырмен ынтымақтастықта жұмыс жасағанымыз үшін ризашылық білдіреміз.
Ақпан 24, 2022 «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар Қазақ тілін оқып – үйрену үйірмесінің сабағы «Менің досым» тақырыбында болды. Үйірме жетекшісі балаларға «Дос», «Достық» құндылығы туралы түсінік берді. Балалар сабақта үйренген сөздерді сұрақ-жауап арқылы қайталап ауыз екі сөйлеп үйренді.
Ақпан 23, 2022 «Шуақ» By odb-abai inЖаңалықтар Шығармашылық студияның кезекті сабағы алдағы мереке – Халықаралық әйелдер күніне арналды, оның барысында балалар аналарына арнап мерекелік 3D ашықхат жасады. Әлемдегі ең қымбатты, сүйікті адамдарына сыйлықты қуана және рахаттана жасады.
Ақпан 22, 2022 «Көңілді ағылшын» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар «Көңілді ағылшын» үйірмесінің кезекті сабағы «Body parts. Дене мүшелері» тақырыбында өтті. Балалар «Head, Shoulders, Knees and Toes» қызықты ойынын ойнап, ағылшын тілінде «Body Song» әнін айтып, би биледі.
Ақпан 21, 2022 «Ойлап ойна» квизі By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханаға белгіленген уақытта квизге қатысатындар жиналды, балалар алдын ала топтарғаға біріккен. Оларға не істеу керек? Өзінің ой-өрісін тексеру үшін әртүрлі сұрақтарға жауап береді. Квиз ойыны оңай емес, бірақ өте қызықты және өте эмоционалды болды! Үздік команда ойында ең көп ұпай жинап, сыйлықтарға ие болды. Біздің жеңімпаздар «Ақылды болу – сәнді!» ұранын ұстанады. Келесі квиздің сайыстарына қатыуға балалар шақырылды.
Ақпан 21, 2022 «Free Style» арт-шеберханасы By odb-abai inЖаңалықтар «Free Style» арт – шеберханасының кезекті сабағы «Салпыншақ сырға және бұрама сырға жасау» тақырыбында өткізілді. Үйірме сабағына қатысқан Анафия Шұғыла мен Нұршуақ, Бесим Анелия мен Диляра, Шалимова Алла, Земцова Альбина, Манжұғұл Алима өткен сабақты қайталап, қыздың келбетін ашатын құлаққа тағатын сәндік әшекей бұйым салпыншақ сырға жасап үйренді. Қыздарға сәндік әшекейлері бар сырғалар жасау өте қызықты болды. Олар өз жұмыстары үшін түрлі-түсті моншақтар, бисер, жіп қолданды.