«Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» кітапханалық жоба

«Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» кітапханалық жоба

Балалар жылы аясында 2022 жылдың 29 қыркүйек күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында оқырман мен жазушы арасында алтын көпір болып отырған «Балалар, Сіздер үшін жазамыз!» жобасын жүзеге асыру мақсатында Сыр елінен шыққан саңлақтарымыздың бірі, көрнекті балалар жазушысы, қазақ руханияты мен әдебиетінің дамуына өз үлесін қосқан, аудармашы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі белгілі балалар жазушысы Молдахмет Қаназовпен кездесу өтті.
80 жастық мерейтойына орай ұйымдастырылған кездесу кешінің барысында көптеген қонақтарымыз келіп қатысты. Әке жолын қуып, ізін жалғастырушы «Денсаулық» журналының бас редакторының орынбасары Ұлболсын Молдахметқызы және Қаракөз Молдахметқызы, сондай-ақ «Болашақ» академиясының қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының меңгерушісі, профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы болды.
Іс-шара барысында оқырмандар қаламгерге сұрақтар жолдап жасандылықты жаны сүймейтін, шындықты бәрінен биік қоятын қаламгермен қызықты тартымды диалог құрды.
Жазушының еңбекпен өрілген өмірі өскелең ұрпаққа өнеге, ұлт болашағына бағыт, қаламынан туындаған көркем шығармалары бала қиялын, арманын алыстарға жетелейтін құнды жәдігер болып қала бермек.

Comments are closed.