«Білгенге маржан»

«Білгенге маржан»

Қарағанды – кеншілер қаласы. Оның үлкен тарихы бар және біз оны білуге міндеттіміз.
ЖББОМ №48 мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің балаларына Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында кезекті «Білгенге маржан» атты жаяу өлкетану серуені өтті.
Қаланың орталығындағы өзіндік тарихы бар бұл көше өткен ғасырдың 50 – ші жылдары қалыптаса бастаған және 2019 жылға дейін Бейбітшілік Бульвары көшесі болып аталған.
Балаларға жетекші – гид Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы қаланың ескі мектебі, онда орналасқан театрлар мен ескерткіштер, бос уақыт өкізетін демалыс орындары туралы және басқа да керекті ақпараттар берді.
Жаяу өлкетану серуені Бұқар жырау мен Нұрсұлтан Назарбаев даңғылдарының қиылысынан бастап, Қазыбек би ескерткішіне дейін өтті.

1
2
3
5
6
7
Comments are closed.