«Қарағанды иллюстрацияда»

19 маусым күні «Жаз. Балалар. Кітап» жобасы аясында «Қарағанды иллюстрацияда» фотогалереясы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты балалар оқуын насихаттау, ой-өрісін кеңейту болды. Іс-шара барысында балаларға қаланың көрікті жерлері туралы айтылды. Балалар қаладағы танымал жерлердің суреттерін үлкен қызығушылықпен қарады. Іс-шара соңында олар отбасыларымен бірге қай жерде уақыт өткізгенді ұнататындықтарын айтты.

Платон Нечаевтың кітаптарының тұсаукесері

Бүгін кітапханада қарағандылық Платон Нечаев авторлық кітаптарын таныстырылымы өткізді. Аталмыш шара аясында балалар 10 жасар жазушы Платон Нечаевпен танысу мүмкіндігін алды. Оның шығармалары сиқырлы және шытырман оқиғаларға толы, Қарағанды қаласы мен оның бай тарихына арналған. Жас автор тереңнен от тауып, залым рухтармен күрескен кішкентай әрі батыл шопан Аппақ туралы жазады. Оқушы Қарағанды туралы, адамдарға қала салуға көмектескен сиқырлы ағаштар туралы жазады. Осы таңғажайып оқиғалардың тағы бірінде қар барысы сияқты батыл кейіпкерлер мен протезі бар ақбөкен Олимпиадаға бару арманын орындайды. Кішкентай автор өз жұмысының иллюстрацияларын жасанды интеллект арқылы жасайды. Кітаптардың тұсаукесерінен басқа, балалармен олардың болашақтағы мамандықтарын таңдау туралы қызықты әңгімелер болды. Платонның анасы және Орталық Азияның орнықты даму қорының директоры, «Platon 5D» креативті ойлауды дамыту жөніндегі оқу бағдарламасының авторы И. В. Харитонова креативті ойлауды дамыту және болашақтағы кездесетін әр түрлі қиындықтарға төзіп, оларға дайын болудың қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімеледі. Шара соңынада жас автор балалармен бірге естелік суреттке түсті.

«Жемқорлықсыз болашақ жарқын» ақпараттық сағат

Кітапханада мектеп жанындағы лагерьлерде демалатын балалардың қатысуымен «Жемқорлықсыз болашақ жарқын» атты ақпараттық сағат өтті.
Шара барысында оқырмандардың назарына сыбайлас жемқорлық ұғымы туралы мағлұмат беріліп, оған қарсы күрес туралы пайдалы ақпараттар беретін суреттер мен басылым беттеріндегі материалдар көрсетілді.

«Есірткі – жас өмірді улаушы» танымдық сабағы

Кітапханада «Есірткі – жас өмірді улаушы» атты танымдық сабақ өтті. Балалармен нашақорлықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған әңгімелесуді Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі балалар/жастар құқықтары кеңесінің мүшесі Д.Лобадинский жүргізді.
Іс-шараның мақсаты-балаларды есірткі қолданудан сақтандыру, олардың адам ағзасына тигізетін әсерінің зияндылығын көрсету.

«Әке – алтын діңгек» кітап көрмесі

Маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда Әкелер күні аталып өтіледі. Осы мерекеге орай кітапханада «Әке – алтын діңгек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге әке туралы, әкенің отбасындағы және қоғамдағы борышы жайындағы прозалық және поэтикалық шығармалар қойылған. Көрмені тамашалуға жазғы мектеп жанындағы лагерінің балалары қатысты.
Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының ұлы Бақытжан Момышұлының «Во имя отца», «Восхождение к отцу» кітабы ерекше қымбат дүние, онда әкенің, қазақ халқы ұлының бейнесі керемет көрініс тапқан.

«Менің атым Қожа» повесінің ақыл-ой картасы

Бүгін кітапханада «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілері Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша ақыл-ой картасын жасауға қатысты. Ақыл-ой картасы – адамдарға ақпаратты немесе идеяларды ұсынуға көмектесетін көрнекі ойлау құралы.
Балалар кітап оқып, «Менің атым Қожа» көркем фильм көріп, картаға кескіндеп түсірді. Олар шығарманың негізгі сәттерін таңдап, басты кейіпкерлер Қожа, Жанар, Сұлтанның суреттерін салды. Іс-шара соңында балалар викториналық сұрақтарға жауап берді.

Виталий Бианкиден орман алқабы

Балалар жазушысы В.В. Бианкидің 130 жылдығына орай «Виталий Бианкиден орман алқабы» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді.
Балалар табиғат әлеміне виртуалды саяхат жасады (құстардың дауысын тыңдады, жабайы жануарлардың әдеттерін бақылады), В.В.Бианкидің жануарлар туралы жұмбақтарын шешті, орман кітапханасында (В.В.Бианканың ертегілері бойынша кітаптар көрмесі) болды.
Жазушының ертегілері мен әңгімелері табиғат әлемін ашып, оның құпияларына енуге үйретеді.
Оқырмандарымыз туған өлкенің табиғатын қорғап, нағыз қорғаушыларға айналады деп сенеміз!

Жазғы кинозал

Балалардың барлығы да қиялдарына ерік беріп армандағанды, ойнағанды, саяхаттағанды және де қызықты фильмдер мен мультфильмдер көргенді ұнатады.
Жұма күндері өтетін кітапханадағы жазғы кинозал өз маусымын балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың повесі желісімен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Менің атым Қожа» фильмімен және Nickelodeon Animation Studioсы шығарған «Саяхатшы Дара» мультфильмімен ашты.

Жаңа өнімдермен танысу

«Жаз. Балалар. Кітап» ұзақ мерзімді жоба аясында, кітапханамыздағы ең ерекше кітаптарға шолу жасалды.
Іс-шараға қаламыздағы бірнеше мектеп жанындағы лагерінің балалары қатысты, оларға біздің түрлі-түсті суреттермен безендірілген танымдық кітаптарымыз қатты ұнады.
Бүлдіршін балалар қызмет көрсету бөлімі ұсынған қызықты, танымдық басылымдармен танысып, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

А.С. Пушкиннің ертегілері бойынша саяхат

Жазғы лагерьде демалып жүрген балалар орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына орай «Чудный остров сказок Пушкина» атты әдеби саяхатқа қатысты.
Кітапханашы талантты ақынның әлемдік әдеби, рухани кеңістіктегі бай шығармашылық мұрасының жан-жақтылығына тоқталып, «Ветер по морю гуляет» ертегісі бойынша сергіту сәтіне арналған ойындар өткізді.
Сондай-ақ, балалар ақының «Балықшы мен балық туралы ертегі» рөлдерге бөліп мәнерлеп дауыстап оқыды.