«Кенші аймағының портреті» флешмоб

Біздің қаламыз үшін Кеншілер күні ерекше мағыналы мереке болып табылады. Шахтерлар күні алғаш рет мереке болып 1948 жылы 29 тамызда тойланған болатын. Кенші мамандығы қызығынан гөрі шыжығы басым әрі сақтық пен жауапкершілікті қажет ететін қиын еңбектің бірі.
Туған өлкеміздің өсіп-өркендеуі, оның болашағы қазыналы кен орындарымен, мыс балқытып, кен өндірген және өңіріміздің жарқын жылнамасын жазған батыл да өжет жандардың жанқиярлық еңбегімен тығыз байланысты.
Кітапханада кеншілер күні қарсаңында «Гвоздичка» балабақша балаларының қатысуымен «Кенші аймағының портреті» атты флешмоб ұйымдастырылып өткізілді. Балалардың кеншілер күніне арналған би – бұл керемет және мерекелік шара болды.
Сондықтан, қаламыздағы жоғарыда аталған мамандық иелерінің еңбегі ерекше құрметке лайық! Бүлдіршін балалардың құттықтауы ұнады деген үміттеміз.

 

«2024 жылғы Олимпиада ойындары» көрме-панорама

Францияда 33-ші жазғы Олимпиада ойындары аяқталды.
Олимпиада ойындарына әлемнің 206 елінен он мыңнан астам спортшы қатысты.
Қарағанды облысы бойынша 5 спортшы бақ сынады. Олар, жүзуші Ксения Игнатова, гимнаст Данил Мұсабаев, жеңіл атлет Дэвид Ефремов, паралимпиадашылар Дастан Мұқашбеков және Даяна Федосова.
Осы іс-шараның құрметіне кітапханада көрме-панорама рәсімделді. Көрмеге Олимпиада ойындарының тарихы, 2024 жылғы Олимпиадаға қатысушы қарағандылықтар, әлемдік спорттық жетістіктер туралы энциклопециялар және т.б. басылымдар ұсынылды.

 

 

«Алаштың сөнбес жұлдызы» кітап көрмесі

Биыл қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, аудармашы, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл. Мерейлі датаға орай, кітапхананың оқу залында «Алаштың сөнбес жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, әр жылдары жазылған шығармалары, қоғам қайраткерлерінің мақалалары мен ақын-жазушылардың ол туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған естеліктері ұсынылған.

«Кітаппен шуақты кездесулер» жазғы оқу залының жабылуы

Кітапханада «Жаз. Балалар. Кітап» жобасының шеңберінде жазғы оқу залының жабылуы өтті. Кітапханашылар бұл жазды оқырмандары үшін ерекше және ұмытылмас ете алды.
Жазғы демалыстың барлық күндері жас оқырмандар әдеби сағаттар, шеберлік сыныптар, викториналар, танымдық іс-шараларға қатысып, отандық және шетелдік балалар әдебиетінің үздік туындыларымен танысты.
Ашық микрофон жұмыс істеді, онда балалар кітапқа өз көзқарастарын білдіруге, сүйікті шығармасы мен авторы туралы айтуға мүмкіндік алды.
Келесі жылы «Жаз. Балалар. Кітап» атты ұзақмерзімді жоба өз жұмысын жалғастырады. Барша оқимын деген балаларды кітапханада күтеміз!

 

Абай – қазақтың ұлы ақыны

Тамыздың 10-шы жұлдызы – қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні.
Еліміздің рухани әрі мәдени өркендеуі жолында алғашқы болып қадам жасаған тұлғалардың бірегейі – Абай атамызға деген құрметіміз шексіз әрі мәңгілік.
Абай көзі тірісінде 176-ға жуық өлең жазған. Ең танымалы – «Қара сөздері». 45 қара сөзден құралған бұл шығарманы ақын тоғыз жыл бойы жазған. Шығарма ең алғаш 1918 жылы, өзі өмірден өткен соң 14 жылдан кейін «Абай» журналында жарық көрді. Абай шығармалары әлемнің 60 тіліне аударылған. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.

Абай күні

Абай есімі Қарағанды қаласының балалар кітапханасымен тығыз байланысты. Абай күніне орай кітапханада «Абай сарыны» art–time өткізілді.
Абай әндерінің сазды әуендерінің әсемдігімен балалардың қиялынан шыққан суреттер қағаз бетіне акварельмен әдемілеп салынды. Шара барысында ұлы ақынның жыл мезгілдері туралы өлеңдері оқылды. Іс-шараның соңы балалар шығармашылық жұмыстарының көрмесімен аяқталды.

 

«Күн шуақты қояндар»

Жазды күні аталып өтетін ерекше, қызықты мерекелердің бірі Күн қояндары мерекесі. Осы мерекеге орай «Жаз. Балалар. Кітап» жобасы аясында біздің кішкентай оқырмандарымыз жұмбақтар шешті, «Қоянды ұста» ойынын ойнады, Валерий Медведевтің «Приключения солнечных зайчиков» атты кітабын оқыды, сонымен қатар дискілерден қоянның апликациясын жасады.
Балалар мерекеден көптеген жағымды эмоциялар мен әсер алды.

 

 

«Әдеби аула»

Жаз – демалыс пен саяхат уақыты ғана емес, кітап оқу уақыты.
31 шілдеде «Жаз. Балалар. Кітап» жобасы аясында кітапханашылар жас оқырмандарды жазғы әдеби аулаға жинады.
«Жаздың күні оқуға ерінбейміз» деген ұранмен балалар кітап оқып, қызықты ойындар ойнады және танымдық журналдармен танысты, жұмбақтарды шешті, сонымен қатар «Әдеби ассортимент» викторинасында сұрақтарға жауап берді.

 

 

«Ертегілер еліне саяхат»

24 шілдеде «Жаз. Балалар. Кітап» жобасы аясында балаларға «Ертегілер еліне саяхат» викторинасы ұйымдастырылып өткізілді.
Балалар ертегі кейіпкерлері туралы сұрақтарға белсене жауап берді, ертегілердің атауын және кейіпкерлердің есімдерін тауып, ертегілерден үзінділерді дауыстап оқыды.

 

Қызыл кітап

10 шілде күні кітапханада «Жоғалып бара жатқан табиғат сұлулықтары» атты экологиялық саяхат өтті. Балалар Қызыл кітаптың желісі бойынша қызықты саяхат жасады: «Қызыл кітап» неліктен бұлай аталады?, оны құру қажеттілігі неге туындады?, кітап беттері неге сан алуан өсімдіктер мен көп кездесе бермейтін жануарларға толы? деген сияқты өздерінің сан түрлі сұрақтарына танымды жауап алды. Балалар қандай жануарлардың, өсімдіктер мен құстардың жойылып кету қаупі бар екенін білді. Сондай-ақ, біздің облыстың қорықтарымен танысып, ормандағы қауіпсіздік ережелерін естеріне түсірді. «Жануарларды тап» ойынына белсене қатысып, табиғаттың Қызыл кітабы тек өсімдіктер мен жануарлардың ғана емес, адамның да ұзақ өмір сүруіне үлкен мүмкіндік деген қорытындыға келді.