Экскурсия

Экскурсия

Кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысу үшін Саран қаласының №9 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері келді.
Кездесу Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналды. Балалар кітапхана тарихымен танысып, кітап туралы ролик көріп, кітапханаға арналған кроссворд шешті.
Қызмет көрсету бөлімдерін аралау барысында балаларды кітап қорына жаңадан түскен комикстер, ғылыми-танымдық энциклопедиялар, детективтер жанрында жазылған әдебиеттер қызықтырды. Көпшілік балалар кітапханаға оқырман болып жазылды.

IMG_0737
IMG_0751
IMG_0757
IMG_0763
IMG_0764
IMG_0767
Comments are closed.