«Перғауын жыландары»

«Перғауын жыландары»

Кітапханада 8 маусым күні қызықты деректер күні аясында балаларға арналған «Перғауын жыландары» атты тәжірибе өткізілді. Балалар «Перғауын жыландарын» тек кальций глюканатын қолдану арқылы ғана емес, сонымен қатар қант, ас содасы, этил спиртінің көмегіменде жасады.
Екі тәжірибе де балалардың қызғушылығын оятты. Балалар мен ересектер заттардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен танысты. Перғауын жыландары түрінде алынған реакциялар қарапайым және қауіпсіз болды, мөлшері, түсі, жану жылдамдығы бойынша ерекшеленді.
Балаларға ата-аналарымен бірге барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, үйде тәжірибе жүргізу ұсынылды.
«Қызықты ғылым» кітапханалық зертханасы соңында қызықты химия бойынша әдебиеттерге шолу жасалынды.

IMG_3680
IMG_3681
IMG_3688
IMG_3693
IMG_3701
IMG_3707
IMG_3708
IMG_3710
IMG_3714

 

Comments are closed.