Гүлденген Өзбекстан

Гүлденген Өзбекстан

Қазақстандағы көптеген қоғамдық маңызды іс-шаралардың бастауында тұратын және қатысушылары болып табылатын этностық топтардың тілі мен дәстүрін, әдет-ғұрыптарын жас ұрпақтың ұғынуын қалыптастыру мақсатында кітапхана ақпан айында Қарағанды қаласының этномәдени орталықтарының күндерін жариялады.

Ақпан айының 19 күні №39, №93 гимназия және №15ЖББОМ 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен Өзбек ұлтының әдебиеті мен мен мәдениетін танымал ету үшін «Гүлденген Өзбекстан» атты танымдық бағдарлама өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Өзбекстан Республикасы туралы мағлұмат беру. Өзбекстан Республикасының Президентімен, мемлекеттік рәміздерімен, салт-дәстүрімен, өнеркәсібі, мәдениеті, әдебиетімен таныстыру. Өз ағам атанған өзбектер қазақтар үшін ең жақын туысқандарының бірі. Өзбек ән-жыры, салт-дәстүрі бізге етене таныс.

Аталмыш шарада №39 гимназияның 5 сынып оқушылары Ш.Сайлау мен Ж.Жұмажан орындауында «Нозлигулим» атты би, №15 ЖББОМ 3 сынып оқушылары З. Мейрам мен А. Мұқан «Өзбек биін» мың бұрала биледі. Сондай-ақ оқушылар «Шаңырақ» атты презентация тамашалады.

«Достық көкжиегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып жас оқырмандарға кітапхана қорындағы өзбек авторларының кітаптары, ертегілері, аңыз-әңгімелеріне шолу жасалды. Іс-шараны «SARARQA» арнасы келіп түсірді.

Comments are closed.