Халықаралық балалар кітабы күні

Халықаралық балалар кітабы күні

2 сәуір – Данияның ұлы ертегішісі Г.Х.Андерсеннің туған күні.
Бұл күні 1956 жылдан бастап екі жылда бір рет үздік балалар жазушыларына және суретшілері – балалар кітаптарының иллюстраторларына халықаралық Г.Х.Андерсен атындағы сыйлық беріледі.
1967 жылдан бастап бұл күн Балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңеспен (International Children’s Book day) бекітілген Халықаралық балалар кітабы күні тойланады.
Неміс жазушысы Йелла Лепма Халықаралық балалар кітабы күнін өткізудің бастамашысы болды.
2022 жылдың 21 наурыз күні Балалар кітаптарының халықаралық кеңесі (IBBY) 2022 жылғы Ганс Кристиан Андерсен сыйлығының жеңімпаздарын жариялады.
Жеңімпаздарды қазылар алқасының төрағасы Джунко Йокота жариялады.
2022 жылғы сыйлықтың иегерлері: «Автор» санатында француз Мари-Од Мурейл және «Иллюстратор» номинациясында кореялық Сюзи Ли жеңіп алды.
Біздің әдеби серуен барлығының – балалар кітабын жазатындар, безендіретіндер және кеңінен танымал етушілер мерекесінің 55-жылдығына арналады.
Қарап шығу ұнамды болсын.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Comments are closed.