«Кітапханалық керуен» руханият әлеміне шақырады!»

«Кітапханалық керуен» руханият әлеміне шақырады!»

Міне, біздің кітап керуеннің алғашқы сапары Осакаров ауданының Ақбұлақ ауылына барып аяқталды. Сіздерді 100-ден астам балалар мен ересектер қатысқан оқиға орнынан фото және бейнематериалмен бөлісеміз.
Мектеп алаңында мерекелік атмосфера орнады, балалар назарына «Үздік бол-кітап оқы!», «Ұлттық ойлар-ұлт қазынасы» атты кітап көрмесі ұсынылып, «Біз өз еліміз туралы не білеміз?», «Сөздер бұлтында» қазақ тілін, қазақ дәстүрлері мен ұлттық ойындарды білуге арналған викториналық сұрақтар қойылып оқушылар ұтымды жауап берді. Қатысушылар «Киіз үй» этноконструкторын үлкен ынтамен жинап, микроскоп қызықтарын тамашалап, қызықты ғылым аясында әр түрлі тәжірибе жасап үйренді.
Кітап мерекесі сыйлықсыз бола ма? Ең белсенді балаларға білімқұмарлығы және тапқырлығы үшін кітапхана тарапынан сыйлықтар берілді.
Абай атындағы ОБК басшысы Б.Қ. Уатаева мектеп кітапхана қорына кітаптар, журналдар жинағын және «Qasym» баспа үйі баспасынан қазақ тіліндегі балалар жазушыларының кітаптары табыс етті.
Кітап оқуға қызығушылық ояту мақсатында ұйымдастырылған шараға белсенді түрде қатысып ортақ істі іске асыруға көмектескені үшін Осакаров ОКЖ ұжымына, мектеп әкімшілігіне алғыс айтамыз.
Одан әрі кітап керуені Ақтоғай және Шет аудандардың алыс елді мекендеріне ат басын бұрады.
Сіздерді қызықты кездесулер мен ұмытылмас әсерлер күтеді!!!

Comments are closed.