Үлкен тарихы бар шағын кітап

Үлкен тарихы бар шағын кітап

Құрметті достар! Біз сіздермен қуанышты жаңалығымызбен бөлісуге асығудамыз! Жақында біздің кітапханада біз үшін маңызды кітап оқиғасы өтті!
Алматы қаласында тұратын 103 жастағы қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зулхие Мұқанқызы Жұматоваға кітапхана «Мараттың таңдауы»атты балалар кітабының басылған көшірмесін сыйға тартты. 1956 жылы ол мектеп жасына дейінгі балаларға арналған өлеңдер жазды, басылымның бір данасы Абай атындағы ОБК сақтаулы. Автордың үй кітапханасында өзінің авторлық кітаптары сақталмаған.
Міне, кішкентай шығарманың тарихы, кішкентай болса да тарихқа бай және біз осы екі жылдан астам уақытта бірлесе жұмыс істеп келе жатқанымызға қуаныштымыз.
Біз Зулхия Жұматовамен фотосуреттерді және тірі аңыз адаммен сұхбаттың үзіндісін көруді ұсынамыз (ТК “24.kz Хабар”) 📲
Тележүргізушінің қызықты өмірінен алынған фактілер:
❤️ 1920 жылы 20 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауылында дүниеге келген.
❤️ Семей педагогикалық институтын аяқтап, мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ берген. Өзі өлең, әңгімелер жазып, кітаптарды қазақ тілінен орыс тіліне аударған.
❤️Үлкен ауқымды дикторлар байқауына қатысып, 750 адамның ішінен сынақтан өтіп, республикалық телеарнада бетке ұстар сыйлы адам болды;
❤️ З. Жұматова мен оның әріптестерінің еңбегін, аты аңызға айналған диктор Юрий Левитан жоғары бағалады, ол: «Кеңес Одағындағы ең үздік дикторлық топ – Алматы»,-деді.
❤️Экран жұлдызы 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанын алғашқылардың бірі болып жариялады.
❤️Зулхия Жұматова Алматыда тұрады, жасына қарамастан, белсенді өмір сүреді және өлең оқығанды ұнатады.
Зулхия Жұматованың өмірде ұстанатын ұраны:
«…Мен өмірді жақсы көремін, адал қызмет етіп оны сүйемін! Сіз бақытты болғыңыз келсе-айналаңыздағы адамдарды өзіңіз бақытты етіңіз. Сонда бәрімізде бақытты боламыз!»

Comments are closed.