Маусым 14, 2021 Ұлттық мәдениет күні. «Ұлттық ою-өрнектер түрлері» шығармашылық сабақ By odb-abai inЖаңалықтар Ұлттық мәдениет күніне орай біздің оқырмандар «Гвоздичка» бала-бақшасының бүлдіршіндерімен бірге «Ұлттық ою-өрнектер түрлері» атты шығармашылық сабағына қатысты. Кітапханашы қатысушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, оның басты элементтері жайлы әңгімелеп берді. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері арқылы халықтың салт-дәстүрлерін танып білу, ал аппликация жасау баланың шығармашылық ойлауын дамытады.