Ұлы даланың жеті қыры

Ұлы даланың жеті қыры

30 қараша күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 21 қарашадағы “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы кітапхана ұжымы талқылады. Басшының орынбасары ұжымға Қ. Қалиева «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласының жалғасы екенін түсіндіре отырып, “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын таныстырып өтті.

Мақала екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай, негізгі бөлім Ұлы даланың жеті қырын айқындап береді.

Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән беріліп отырғаны адамдарды ойландырады. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің негізін қалады. Ұлы дала халқы металл өндіру мен терең тарихымен мақтана алады.

Сондай-ақ, Түркі әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының сулы, нулы табиғаты да елеусіз қалмады.
Ал, мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді.

Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты 6 тапсырма жүктеді. Оның ішінде «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды тарихи әрі маңызды міндеттер бар екені айтылды.
Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отыра ілесу Елбасы мақаласының негізі өзегі екенін түсіндік. Осындай игі бастамаға атсалысу – әрқайсымызға қастерлі міндет.

Comments are closed.
6 Жазбалар / Записи
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Здравствуйте! Есть ли в вашей библиотеке рассказы Владимира Литвинова «Где – где» в Караганде, изданные в 2006 году.

Добрый день! Хочу у вас уточнить. Есть книга у В. Могильницкого “Великие узники Карлага”. Можете подсказать, писал ли в этой книге автор о Вере Крестинской?

Здравствуйте! Есть ли у вас книга «Иерусалим» Алана Мура?