«Ойөріс» зияткерлік телеойыны

«Ойөріс» зияткерлік телеойыны

Қарағанды облыстық «SARYARQA» телеарнасында мемлекеттік тіл саясаты мен төл тарихты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Ойөріс» зияткерлік телеойынында кітапхананың намысын қорғаған қызметкерлер Шайзат Жумадильдинова, Жайна Ыбрайым және Күміс Болатбекова жеңіспен оралды. Бұл жолғы ойында «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ кітапханашыларынан құралған «Күншуақ» тобы және Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы қызметкерлерінен құралған «Үш таған» тобымен өз ара сайысқа түсті. Қатысушылар ойын барысында «Тұлғалар», «Тарихи орындар», «Көрікті жерлер», «Жұмбақтар мен мақал-мәтелдер», «Көнерген сөздер» тақырыптарындағы ұяшық ішіндегі сұрақтарды таңдап жауап берді.Телеойынға қатысушылардың қабілеті мен шеберлігі арнайы тағайындалған сарапшы сараптап, әр сайыстан алған ұпайлары бойынша бағалады. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

277354154_3043643959186461_877426486292961645_n
277519152_3043643929186464_6529055979324177397_n
277582381_3043643945853129_5078969255916969800_n
Comments are closed.