«ORDAGEN» жобасы

«ORDAGEN» жобасы

15 маусым күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының ұйымдастырумен Қарағанды облысы бойынша «ORDAGEN» жобасының директоры Гүлден Төлеуқұлқызы Ертаубаевамен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізілді.
Іс-шараға Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары мен 31 балалар кітапханасының кітапханашылары қатысты.
Гүлден Төлеуқұлқызы кітапханашылар назарына «ORDAGEN» жобасы және «Бұлақ неге бұртиды?» атты алғашқы ертегісінің тұсаукесерін ұсынып, «Орда» ертегілерінің 1-ші кітабы және «Мың бояулы Орда» мен «Экономист Берке аю» атты кітаптарының таныстырылмын көрсетті.
Бұл ерекше кітапта кәсіп деген не, ақша қайдан алады, оны қалай жұмсаған дұрыс, және де осы сияқты көптеген сұрақтарға жауап бар.
Жоба аясында балаларға арналған осындай сапалы пайдалы бірнеше кітаптар шығару жоспарлануда.

199816129_2836251186592407_1334819713693708992_n
199805468_2836251229925736_1805428656740259915_n
199811203_2836251223259070_4734352567690950416_n
201023464_2836251243259068_5151353626904223064_n
201360740_2836251226592403_4255157548950228605_n
201740055_2836251219925737_8002019863733484944_n
202088882_2836251246592401_4964193605975355716_n
Comments are closed.