«Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы»

«Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы»

Кітапхана пайдаланушылары үшін «Рухани жаңғыру – ұлт жаңғыруы»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде ұсынылған кітаптар мен журналдар біздің қазақстандық қоғамның рухани жаңару стратегиясын түсінуге, ой талқысынан өткізуге және оны қабылдауға көмектеседі.

Оқырмандар «Рухани жаңғыру» кітаптар сериясымен таныса алады.

Бұл серияның басылымдары арасында облыстық тарихи өлкетану мұражайының қалыптасу тарихы туралы әңгімелейтін «Музей және тарих» жинағы, «ХХІ ғасыр музейі: музейлерді дамытудың замануи үрдістері мен перспективалары» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы бар.

«Сарыарқаның тарихи – мәдени мұрасы» ғылыми каталогы оқырмандарды Қарағанды облысы аумағында жылдар бойы жиналған мұражай артефакттарымен, сәндік – қолданбалы өнер заттарымен таныстырады.

«Туған жер – тұғырың» көркем фотоальбомы еліміздің ең тартымды жерлерін – ежелгі киелі ескерткіштерден бастап жас астананың заманауи сәулеттік ғимараттарына дейін кеңінен ашып көрсетеді.

Бұл кітап көрмесі еліміздің даму жолындағы жетістіктері жайында кітаптармен мерзімді басылымдардағы мақалалардан тұрады. Құрметті оқырмаңдар!

Барлықтарыңызды кітап көрмесімен танысуға шақырамыз!

1
3

Comments are closed.