«Сахна саңлағы» бейнесұхбат

«Сахна саңлағы» бейнесұхбат

Кітапханада шілде айының 19 күні жаз мезгілінде балаларды бос уақытын қамту және дамыту картасы бойынша жасалған жұмыс жоспары аясында «Таңғажайып әлем!» тақырыптық блок шеңберінде ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Кеңес Нарымбайұлы Жұмабековпен «Сахна саңлағы» атты онлайн әңгіме өткізілді.
Жүздесу барысында актердың балалық шағынан қазіргі кезеңдегі дара жолына дейін баяндалды. Сұхбат кезінде актерС.Сейфуллин театрына келуі, ойнаған рөлдері, болашақта қандай рөлдерді ойнағысы келетініне де тоқталып кетті. Сонымен қатар өзінің қаламынан шыққан театр актерлары жайлы кітаптары, драматург ретінде жазған «Замана, неткен тар едің», «Қазыбек би», «Көмекей әулие» атты қойылымдары жөнінде сөз етті. Кеудесі сырға толы, нұрлы жүзді К.Жұмабековпен кездесу қызықты, мазмұнды өтті.
Кітапхана ұжымының атынан қонаққа Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» атты кітап табыс етілді.

IMG_4595
IMG_4601
IMG_4602
Comments are closed.