«Әскер – ел қорғаны»

«Әскер – ел қорғаны»

Бүгін, кітапхана қызметкерлері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, жас өркен балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің тәрбиеленушілері және №91 ЖББМ сынып оқушылары арасында «Әскер – ел қорғаны» атты алғашқы әскери дайындық сабағы өткізді.
Аталмыш шараға №91 ЖББМ-тің «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптын тәрбиешісі Т.С.Темиргалиев қатысты. Қонақ қатысушыларға Отаныңның лайықты қорғаушысы болу күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап өзін әскери қызметке дайындап, халық алдындағы азаматтық жауапкершілікті кәміл ұғыну тиіс деп ой бөлісіп өтті.
Сондай-ақ, Оқушылар саптық жаттығулар, оңға, солға, артқа бұрылу, жекелеме тапсырмалар орындап, «Жерден көтерілу», «Кім мықты», «Көздеу» және т.б. ойын түрлерін көрсетіп сайысқа түсіп, бақ сынасты.

Comments are closed.