«Уақыт машинасы» кітапхана кеші

«Уақыт машинасы» кітапхана кеші

Кітапханада Балалар жылы аясында 22 сәуір күні сағ.18.30-дан 21.00-ге дейінгі аралықта «Уақыт машинасы» кітапхана кеші акциясы өткізілді.
Шараның салтанатты ашылу рәсімі өткен кейін кітапхана қызметкерлері сағат тілін кейінге шегеріп өткен жылдарға қайта оралды. Акция аясында балалар мен ересектерге «Мен кітаптың құрдасымын» кітап топтамасындағы фотофлешмоб, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қарағанды индустриалды-техникалық колледжінің музейі экспонаттарының көрмесі, «Кітапханалық банк» әдеби викторина, кітапханалық кафе, «Синематограф шақырады» диафильмдер көрсету, «Бір сәт тоқта!» блиц-турнирі, «Сиқырлы тігіс» шеберлік сыныбы, «Ретро – аспаз» – шеберлік сыныбында вафли түрлерін пісіру, «Чемоданнан шыққан ғажайыптар» театрландырылған шеберханасы, «Бізбен бірге оқы және ән сал!» кітапхана караокесі, «Ымырт кезіндегі жұлдыздарға саяхат» атты алаңдарда саяхаттауға жағдай жасалды. Қонақтар әр алаңда берілген тапсырмаларды орындап «библиоақша» алып, тапқан табыстарын кітапханалық кафеге барып жұмсап, аспазшылар ұсынған ас мәзірінен дәм ауыз тиді. Сондай-ақ, М.Бекішевтің жетекшілігімен №2 БММ «Юность» аспаптық ансамблінің шырқаған әндері мерекенің сәннін келтірді. Шараға «Qasym» баспа үй демеушілік көрсетіп және С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры және Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
Қатысушыларға мерекелік лотерея билеттері таратылып, акцияның соңында лотерея ойнатылды.

Comments are closed.