Жеңіс Қашқыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқу облыстық байқау

Жеңіс Қашқыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқу облыстық байқау

3 қараша күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында Қарағанды өңірінің тумасы, балалардың жүрегіне жол таба білген қарымды қаламгер Жеңіс Қашқыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқудан облыстық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – Жеңіс Қашқыновтың шығармашылығын кеңінен насихаттау, жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Облыстық байқау Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты, облыстық мәслихаттың депутаты, ақын-айтыскер Айтбай Ботпайұлы Жұмағұловтың демеушілік қолдауымен ұйымдастырылды. Сайысқа облысымыздың қала-ауылдарындағы 35 білім ошағынан 2-3 сынып оқушыларынан 100-ге жуық өтінім келіп түсті.
Кітапханада өткен мәнерлеп оқу сайысына Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Рүстемова, “Орталық Қазақстан” газетінің тілшісі, ақын Е. Кеңесбеков, Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім басшысы С.Телпекбаева, Абай атындағы балалар кітапханасының басшысы Б.Уатаева қазылық жасады.
Жас өрендер Ж.Қашқыновтың өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқумен қатар ақын өлеңдері желісімен шағын көріністер де даярлап келіп, барша көрермендердің зор ықыласына бөленді. Жеңімпаздар мен арнайы номинация иегерлері бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар Ж.Қашқыновтың інісі, журналист Е.Мелсұлы барлық қатысушы балаларға өзінің “Ағылшынша тіл сындыру” кітабын сыйға тартты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
I орын:
• Серікпай Айдана – №66 ЖББМ, 2-сынып
II орын:
• Ербаева Сабира – Абай қаласы, Топар кенті Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы), 2-сынып
• Берік Айзере – Ақсу-Аюлы ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп, 2-сынып
• Фольмер Илона – Шәкәрім атындағы гимназия, 2-сынып
III орын:
• Еркаш Асылзат – Теміртау қаласы №8 ЖББМ, 2-сынып
• Ғибадат Айзере – №8 ЖББМ, 2-сынып
• Серік Байкұтты – Ә. Бөкейхан атындағы мектеп, 3-сынып
• Мухитов Байдаулет – Бұқар жырау ауданы, Новоузенка ауылы М.Жүсіп атындағы ЖББМ, 2-сынып
• Мейізбек Раяна – Ақтоғай ауданы Шашубай кенттік мектебі, 2-сынып
• Ерғанат Медина – С.Саттаров атындағы метеп-лицейі, 2-сынып
Номинациялар бойынша:
«Үздік әртістік шеберлік» – Ербаева Айғаным, Абай қаласы, Топар кенті Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы), 3-сынып және Мұрат Заңғар, Шет ауданы, Өспен ауылы Сәкен атындағы ЖББМ, 3-сынып
«Әділқазы көзайымы» – Русскова Анна, №25 ЖББМ, 3-сынып және Жанайдар Еңлік, М. Жұмабаев атындағы гимназия, 2-сынып
«Үздік образ» – Құсбек Сырғалым, №12 ЖББМ, 2 сынып; Кәріғұл Әзімжан, Балқаш қ. С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназия, 2-сынып және Сейфолла Азиза, Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия, 3- сынып
«Үздік эмоционалды орындаушы – Владимир Ерғали, №17 ЖББМ, 2-сынып; Муталляпова Ақнұр, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп гимназия, 2-сынып және Сүйіндік Айым, М. Жұмабаев атындағы гимназия, 2-сынып

Comments are closed.