Жыл сайынғы республикалық әдеби акцияға…

Жыл сайынғы республикалық әдеби акцияға…

2007 жылдан бастап жыл сайын елімізде «Бір ел – бір кітап = Одна страна – одна книга» республикалық әдеби акциясы өтеді.

Акцияны ҚР Кітапхана Қауымдастығы Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырады. Жыл сайын арнайы комиссия , қазақстандықтардың пікірін ескере отырып, жаппай оқуға ұсынылатын қандай да бір қазақстандық автордың бір кітабын таңдайды. Акцияның мақсаты өткен кезеңдер мен қазіргі заманғы Қазақстандық әдебиетті танымал ету, кітап оқуға кең көлемде оқырмандарды тарту, кітап мәдениетін қалыптастыру және зияткерлік өзара алмасуды дамыту, қазақстан тарихын, мәдениетін, дәстүрлерін, тілі мен тұрмысына деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Акция жобасын  әзірлеушілер терең философиялық идеяны – ұлттық бірлікті рухани қарым-қатынас арқылы, белгілі бір шығарманың идеяларына тарту арқылы енгізді. Осылайша, таңдалған кітап біздің бірлігіміздің мәдени символына айналады.

Алайда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында комиссия акцияны өткізудің үйреншікті форматынан алыстау туралы шешім қабылдады.

Мерейтой күніне орай 30 басылым таңдалынды. Таңдалған кітаптар Қазақстанның әдеби палитрасының барлық байлығын көрсетеді. Еліміздің әдеби өмірінің үлкен тарихи, географиялық және жанрлық спектрі қамтылған. Таңдалған авторлардың арасында XIX -ХХ ғасырдың өкілдері (Ы. Алтынсарин), ақындары мен прозаиктері (М.Мақатаев, Ж. Нәжімеденов, Т. Жармағамбетов, Р. Отарбаев) бар. Сондай-ақ  бұл тізімнен өз кітаптарын жазуды және басып шығаруды жалғастырып келе жатқан біздің замандастарымыздың – қазақстандық авторлардың есімдерін көру ерекше қуантты. Олардың арасында оқырмандардың қызығушылығына ие болған (Т.Таңжарық) жас әдебиетшілер де бар.

Акция номинанттары арасында балалар жазушылары: Бердібек Соқпақбаев, Мәди Айымбетов, Марат Қабанбаев, Толымбек Әбдірайымов, Зира Наурызбаева және Лиля Калаустар да ерекшеленген.

Жыл басында біздің кітапханада ұйымдастырылған «Бір ел – бір кітап = Одна страна – одна книга», кітап көрмесінің арқасында біздің оқырмандар авторлармен және олардың шығармаларымен толығырақ таныса алады.

Көрме 5 бөлімнен тұрады: «Поэзия», «Проза», «Балалар әдебиеті», «Аударма» және «Драматургия». Кітапханашылар оқырмандарды республикалық комиссия ұсынып отырған шығармалармен ғана емес, сондай-ақ әрбір жеке әдебиетшінің шығармашылығын толық сипаттайтын таңдалған авторлардың басқа да шығармаларымен таныстыруға тырысты.

Барлық келеміндеушілерді көрмемізді тамашалауға шақырамыз!

акция
акция2
Comments are closed.