Сарыарқаның ұлы азаматтары

Сарыарқаның ұлы азаматтары

31-ші наурыз күні «Жәдігер» кітапханалық өлкетану клубының отырысы «Қарағанды облыстық тарихи – өлкетану мұражайы» залында «Сарыарқаның ұлы азаматтары» атты тақырыбындағы зерттеу өтті.
Біздің өлкемізді ежелден поэтикалық түрде Сарыарқа деп атап кеткен. Сарыарқа жері көптеген табиғи пайдалы қазбаларға бай, шексіз сұлу даласы, таулары мен көлдері бар кең байтақ жер. Сарыарқа жері есімдері біздің республикамызда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де белгілі болған тарихи және саяси тұлғалардың, жазушылардың, музыканттардың, әртістердің тағдырларымен тығыз байланысты. Қарағандыны белгілі бір мағынада Сарыарқаның “астанасы” деп санауға болады. Өйткені, дәл Қарағанды облысының шегінде осы дала аймағының көп бөлігі орналасқан.
Балалар мұражайдың залдарын аралап, экспозицияларды тамашалады, көптеген қызықты оқиғалармен танысты және көріп білді. Клуб жетекшісі тарихи тұлғалар туралы қосымша тың ақпараттармен толықтырды, ал клуб мүшелері өз зерттеулерімен бөлісті.
Алла Шалимова – Қарағандының тұңғыш докторы Герман Алалыкиннің өмірі туралы; Ясмина Байсерік – құрметті шахтер Түсіп Күзембаевтың тағдыры туралы зерттеулерін ортаға салды.
Зерттеулер жалғасуда, олар клубтың келесі отырысында дөңгелек үстел барысында айтылады.

IMG_20210331_123452
IMG_20210331_124450
IMG_20210331_125353
IMG_20210331_125754
IMG_20210331_125957
IMG_20210331_130045
IMG_20210331_130417
IMG_20210331_130546
IMG_20210331_130620
IMG_20210331_131105
Comments are closed.