Archive Шiлде 2018

Қазақтың ұлттық киімдері

«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», – деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерін таныстыру мақсатында кітапханада 10 шілде күні «Қазақтың ұлттық киімдері» атты таныстыру сағаты №50 ЖББОМ бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен өтті.

Шараға байланысты «Қазатың дәстүрлі киім-кешегі» атты тақырыптық сөре ұйымдастырылды. Балаларға бас киімдер (тақия, қалпақ), сәукеле, кимешек, камзол, шалбар, шапан, ішік (тон), аяқ киімдер (мәсі, саптама етік) және т.б. ұлтық киім түрлері «Қазақтың ұлттық киімдері», «Қазақ киімі» атты кітаптардан көрсетілді.

Қызықты ғылым. Ғажайып құм

10 шілдеде кітапханада «Қызықты ғылым» танымдық күні аясында «Смайлики» атты мектеп жанындағы лагерь, №11 негізгі орта мектеп және №17 ЖББОМ бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Қызықты ғылым. Ғажайып құм» атты танымдық сағат өтті. Кітапханашы оқушыларға құм туралы қысқаша түсінік беріп айтып өтті.

Сондай-ақ балаларға құмды пайдалана отырып әйнекке қалай сурет салуға болатыны көрсетіліп, бейнеролик көрсетілді.

Әдебиет апталығы

Бейсенбі-Кітапханада жаңа әдебиеттер күні.

«Смайлик» атты жазғы лагерьде демалушы балалар және №15 ЖББОМ бастауыш сынып оқушыларының қатысумен кітапхана қорына жаңадан түскен қазіргі заманғы, ғылыми-танымал, қызықты кітаптарға шолу жасалды.

Шолу соңында балалар ғылым әлемі туралы қызықты жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақтар құрады.

Ару қала, арман қала, бас қала – Астана

Тәуелсіз еліміз Қазақстан биыл елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өттіп жатыр.

Мерейтойлық мерекені тойлау қарсаңында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Ару-кала, арман қала, бас қала – Астана» атты ойын-сауық бағдарламасыөткізілді. Бұл мерекеге Қазыбек би ауданындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің және «Нова» талант орталығының тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Әрі қарай оқу

Қызықты ғылым. Магниттік құбылыстар

Шілде айының 3 күні «Қызықты ғылым. Магниттік құбылыстар» танымдық күні аясында «Смайлики» оқу орталығының «You can» атты мектеп жанындағы лагер және №3 гимназия, №11 негізгі орта мектептің оқушыларының қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді. Балалар ғалымдарға ұқсап, магнитті пайдалана отырып, тәжірибе жүргізіп үйренді.

Аталмыш шарада оқушылар кез-келген қозғалыстағы заряд айналасында магнит өрісін тудыратынын, сол себепті зарядталған сымның айналасында магнит өрісі болатыны туралы білді. Магниттің көмегі арқылы шағын темірлерді жапсырып көрді. “Магнит” атты танымдық мультфильм тамашалады.

Жолбарыспен әңгімелесу

Балалар әдебиеті әрдайым балаларға да, ересектерге де ұнайды. Ересектер тіпті балалық шағы туралы еске түсіріп, сол арқылы өздеріне жақсы көңіл – күй сыйлайды.

Кітапханамыздың «Күншуақ» бөлмесінде кезекті дауыстап оқылымда Дональд Биссеттің «Жолбарыспен әңгімелесу» атты кітабы таныстырылды. Д.Бисеттің шығармашылығы Лондон телеарнасына және балалар бағдарламасына ертегілер жазудан бастаған. Автордың кітаптары кез-келген жаста оқылатын сиқырлы кітаптардың тізімінен үнемі табылып келеді. Әрі қарай оқу