Archive Желтоқсан 2020

Тамара Асардың «Жетістік формуласы»

26 желтоқсан күні «SARYARQA» телеарнасында «Жетістік формуласы»  бенефис-шоу бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті.

Ашық сұхбат алаңында қазақ елінің қайсар да талантты әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тамара Асар және Қарағанды қаласы мамандандырылған музыка мектеп-интернатының, №86 және №17 ЖОББМ, №102 мектеп-гимназиясының, С.Сейфуллин атындағы №92 гимназияның оқушылары кездесті. Бағдарлама 30 желтоқсанда эфирге шықты.

Тамара Асар оқушылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзінің қызықты да күрделі өнер жолы жайында кеңінен ой бөлісті. Өнер әлеміне келуі жайында әнші: «Мен Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжіне ата-анамның рұқсатынсыз түстім. Себебі ата-анам қыз балаға өнер жолы ауыр деп ойласа керек, менің өнер адамы емес, музыка пәнінің мұғалімі болғанымды қалады. Алайда, мен өз арманымнан, бойымдағы талантымнан бас тарта алмадым»,- дейді.

Тамара ханым 3 жасында «Қошақаным қайда екен?!» әнімен балалар байқауына қатысқанын, репертуарындағы халыққа кеңінен танымал «Ренжімеші» әнін 18 жасында досы сыйға тартқанын атап өтті.

«Өмірімде ерекше есімде қалған ән кешім 2006 жылы Алматы қаласында өткен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты концертім. 3000 адамға аншлагпен өткен бұл кешті небәрі 3 адам ұйымдастырған едік»,- деп еске алады әнші.

Бүгінгі таңда Тамара Асар тек қазақ эстрадасының жұлдызы ғана емес өз кезегінде білікті психолог. 21 жасында психология саласына ден қойып, өз білімін жалғастырған. Одан бөлек би билеу, домбырада ойнау, сурет салу, киім тігу сынды түрлі хоббилерімен айналысады. Түрлі өнерді серік еткен Тамара оқушыларға жан-жақты болуды, тұрақты дамуға, тұлға ретінде жетілуге талпыну керектігін сөз етті.

«Балалық шағыңызда кітап оқуға қызығушылығыңыз болды ма» деген оқушылар сауалына әнші өзінің балалық шақта кітапқа ерекше құмар болғанын атап өтті. Интернет пен телефон жоқ заманда достарымен бірге кітапты таласа оқып, бір-біріне қызыға баяндап беретінін есіне алды. Сондай-ақ өзінің балалық шақта ерекше әсермен оқыған кітаптары Б.Соқпақбаевтың «Аяжан», «Менің атым Қожа» шығармаларын және Б.Майлиннің «Түйебай» туындысын оқушыларға да  оқуға кеңес берді.

Тамара қазақ эстрадасында Мейрамбек Беспаев, Димаш Құдайберген сынды ерекше дауыс иелерін сүйіп тыңдайтынын және үнемі ізденісте жүретін Ғаділбек Жанай, Кәмшат Жолдыбева сынды өз шәкірттерімен мақтанатынын тілге тиек етіп, өнер жолын таңдағысы келетін оқушыларға өз кеңесін берді. «Әнші боламын десең ең алдымен жасыңа сай ән таңдай білу және таңдаған әніңді толық түсініп, қабылдап, өзіңе сай шеберлікпен орындай білу керек» деп  ән өнерін серік еткен балаларға жол сілтеді.

Сұхбат барысында әнші оқушылардың сұрауымен қонақ кәде ретінде №102 мектеп-гимназиясының оқушысы Есенкелді Шахназбен қосылып «Ренжімеші» әнін шырқады.

«Жетістік формуласы – әркім өзі жүрек қалауымен іздеп табатын жетістік. Ол үшін тек табандылық пен тағаттылық таныту керек. Армандарыңызға асығыңыздар. Өз бойларыңыздағы таланттарыңызды шыңдап, сүйікті істеріңізге айналдырыңыздар»,- деп сөзін түйіндеді әнші.

Бағдарлама соңында әнші Тамара Асар кездесу барысында ерекше сұрақ қойған Қарағанды қаласы мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы Кариполла Айгерімге және 11-сынып оқушысы Есетов Абылайға өзінің арнайы сыйын табыс етті.

Бағдарлама ұйымдастырушылары әнші Тамара Асарға табыстылық пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйы мен А. Құнанбаевтың «Қара сөздері» мен «Қазақстанның қызғалдақтары» кітаптарын сыйға тартты.

0h28QP989vw
D-Jxz1Ffa1k
EmxBGzQAzJs

«Free Style» арт-шеберханасы

20 желтоқсан күні  «Free Style» арт-шеберханасының  биылғы жылға арналған қорытынды сабағы өткізілді.

Кітапхананың кіреберісіне жыл бойы үйірмеге  белсенді болып қатысқан біздің тұрақты оқырмандармыз №81 ЖББОМ-тің 5-сынып оқушысы Ясмина және №97 гимназияның 5-сынып  оқушысы Диляра Ахылбековлардың, №58 ЖББОМ-тің 3-сынып  оқушысы Негина Рашанбекованың, №93 гимназияның 4-сынып оқушысы Ясмина Каримованың  әр түрлі жіптерді пайдалана отырып кестелеп тіккен   «Қошқар мүйіз оюы», «Сиқырлы жұлдыз», «Бейбітшілік құсы», «Қазақ ұлттық аспабы-домбыра»,  «Төртқұлақ ою», «Кестелеп тігілген гүл», «Түрлі-түсті жұлдыз» шығармашылық жұмыстарының вернисаж-көрмесі ұйымдастырылды.

Алдағы уақытта жаңа кездесулер мен  қызықты сабақтарда күтеміз.

Барлықтарынызды көрмені тамашалауға шақырамыз!

59388fcd-7770-44c6-a48c-c03bf3cfaa47
ac4f8451-b1fa-4787-80e1-84365eb04de3
c8f36f3e-f682-4b24-8229-92a6dfc58902
d0dc4437-ed61-4dfe-a8d4-11093c22c2b7
d53f16f5-72bc-4964-8d05-48b6f6042bd4
fc8fc017-b6d6-4090-b0aa-e945789f2ae6

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінен орай орта және жоғары сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты  тарихына экскурсия дайындап әлеуметтік желілерді пайдаланушылар  үшін кітапхана парақшаларына қойылды.

Презентация хронологиялық тәртіппен орналастырылып жас тәуелсіз Қазақстанның тарихи қалыптасуымен даму барысымен таныстырды. Жиналған ақпаратта елдің 30 жылдық тарихында болған жеңістер мен жетістіктерді, реформалар мен жаңалықтарды, өзгерістерді еске түсіруге арналған.

Сондай-ақ 15 желтоқсан күні ашық онлайн сабақ «Құлыншақ»  балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін ZOOM платформасы арқылы (10 адам) – ға арналып өткізілді және  Қарағанды қаласы Қазыбек би  атындағы ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің мүмкіндіктері шектеулі адамдары мен әлеуметтік қызметкерлері үшін «Тәуелсіздік Хроникасы» атты (20 адам) – ға танымдық сағаты өтті.

IMG_0916
IMG_0919
IMG_0920
IMG_0921
IMG_0926

«Менің Отаным – Қазақстан»

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің жылдық қортынды сабағы  «Гвоздичка» балабақшасының тәрбиеленушілерінің  қатысуымен өткізілді.
Іс-шара Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай  «Менің Отаным – Қазақстан» атты тақырыбында болды.

Шараның мақсаты: Балалардың  өз елінің тарихын білуге, отанын сүюге,  Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Бүлдіршіндерге  туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу, балаларға патриотизм сезімін қалыптастыру.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер «Отан», «Қазақстан», «Тәуелсіздік» жайлы тақпақтарды мәнерлеп оқып, викториналық сұрақтарға белсене жауап берді.

IMG_0639
IMG_0652
IMG_0660
IMG_0668
IMG_0671
IMG_0678
IMG_0683
IMG_0689
IMG_0721

Гүлнар Сильбаева «Жетістік формуласында»

9 желтоқсан күні «Жетістік формуласы» кітапханалық жобасы аясында «SARYARQA» телеарнасының студиясында №48, №52 ЖББОМ, №45 гимназиясының оқушылары, Қарағанды облысының көңілді тапқырлар клубтарының мүшелері жиналды. Бұл күні балалар «Қазақ», «Спарта» КТК мүшесі, әнші, әртіс Гүлнар Сильбаевамен кездесті. Бағдарлама 18 желтоқсанда эфирге шықты.

Гүлнар Сильбаеваның жан-жақты, «сегіз қырлы, бір сырлы» екендігі көңілді тапқырлар клубына (КТК) мүше болған кезінде анық байқалды. КТК Гүлнарға жаңа жетістіктерге жетуге, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік берді. болды. 2010 жылы Нұрлан Қоянбаев «Казахи» командасын ұйымдастырып, оған Гүлнар Сильбаеваны шақырады. Жас бойжеткен қазақстандық КТК командасындағы жалғыз қыз болды. Гүлнардың айтуынша, КТК ойнау үлкен қуаныш болды. «КТК – бұл үлкен отбасы. КТК тапқырлықты, эрудицияны дамытатын жақсы мектеп», – дейді Қонағымыз. Осы командада өнер көрсету талантты бойжеткеннің дарындылығын аша түсіп.

Гүлнар Сильбаева – әзілдің, ашықтықтың, даналықтың және ширақтықтың үйлесімі. Балалармен диалог кезінде актриса өзінің балалық шағы мен жастық шағы, экстремалды жобаларға қатысу, жан-жақты қызығушылықтары мен армандары туралы айтты.

2017 жылы ол «Спарта» командасында ойнаған кезде, команда КТК Жоғары лигасының чемпионы атанады. Сол жыл Гүлнар үшін шығармашылық тұрғыдан берекелі болды: үш сценарий жазады, бірнеше картиналар салады, сонымен қатар ол еш жерде орындалмаған ән жазады. Бенефис-шоу қатысушыларының алдында Гүлнар 2021 жылы әнді жариялауы туралы уәде берді, бұл уәдесін ол Instagram-дағы жазылушылар үшін тікелей эфирде бейнехабарлама арқылы жазды. Бүгінде Гүлнар жаңа бағытқа – актерлікке, бет бұрған.

Гүлнара өзінің тұлға ретінде қалыптасуы туралы айт келе балаларға: «Біз бәріміз жан-жақты тұлғамыз. Мен, әрине, өзгеріп отырамын, өзіме сенімді бола бастадым, дамимын және үйренемін. Мен сіздерге әрқашан өзіңізге сенімді болуға, өзіндік тұлғаңызды жоғалтпауға және өзіңізге ұнайтын іспен айналысуға кеңес беремін», – деген кеңестер берді.

Балалар кеш қонағына кітап оқу туралы сұрақтар қойды. Кейіпкер кітап оқығанды ұнататынын және балаларға Р.Брэдберидің ғылыми фантастикасы, Г.Маркестің «Сто лет одиночества», М.Адлердің «Как читать книги?» және т.б. кітаптарды оқуға кеңес берді.

Бенефис-шоу шарты бойынша мейман ең белсенді қатысушы ретінде №38 гимназиясының 9 «Б» сынып оқушысы Данил Владининге естелік сыйлыққа «Философские теории за 30 секунд» кітабын тарту етті. Өз кезегінде жоба ұйымдастырушылары Г. Сильбаеваға табыстылық пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйын, сондай-ақ Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабы мен «Қазақстан қызғалдақтары» энциклопедиясын табыс етті.

IMG_0575
IMG_0583
IMG_0586
IMG_0593
IMG_0596
IMG_0611

 

Танысыңыз, Меруерт Алонсо

Кітапхананың ұйымдастырумен 03 желтоқсан күні жазушы Меруерт Алонсоның қатысуымен Instagram-да тікелей эфир өткізілді.  Қарағандылық біздің жерлесіміз Меруерт қазіргі уақытта Ұлыбританияның Лондон қаласында тұрады. Жас автордың екі әңгімелер жинағы бар: «Короткое лето Шантеклеры» және «Приключения девочки Клоэ». Қазіргі таңда жазушы жаңа кітаппен жұмыс істеуде, сюжеті бойынша кино түсіріледі.

Қызықты әңгіме барысында оқырмандар Меруерттің бірнеше шығармашылық құпияларын білді. Шығармашылық үшін жазушыға «Ішкі тыныштық» қажет.  Кітап жазу үшін  жазушыға үйдегі жайлылық көмектеседі. М.Алонсо саяхат жасауды ұнатады. Жазушыға әлем елдерінің таңғажайып жерлерімен танысу- көңіліне қуаныш сыйлайды.

Әңгіме соңында М.Алонсо бірінші кезекте  қазақстандық оқырмандар үшін  өзінің келесі кітабы Қазақстанда шығарылатынына уәде берді. Ал, біз автордың жаңа кітаптарын күтеміз!

Қысқы үй

2- желтоқсан  күні  «Шуақ»  балалар  шығармашылық студиясының кезекті сабағы өткізілді. Бүгінгі сабақта балалар  Майя Лунденің «Снежная сестренка» ертегісімен танысып, мақталы таяқшалармен қысқы үйдің макетін құрастырды.

Макетті жасауға таяқшалар, желім, ақ қағаз және жаңа жылдық ойыншық  пайдаланылды.  Кезекті сабағымызға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Шкундина Мия, Абду Ясмина, Абду Жұлдыз және Ғазизқызы Зере қатысты.

20201202_150606
20201202_150622
20201202_150633
20201202_151422
20201202_152305
20201202_152342