Қыркүйек 29, 2021 «Фантастикалық аңдар және олар қайдан мекендейді» By odb-abai inЖаңалықтар Мифтер мен аңыздардан тұратын фантастикалық жаратылыстар әлеміне көз салсаң, онда сен оның таңғажайып, кейде қорқынышты тіршілік иелері туралы көп нәрсені білесің. Назарларыңызға «Фантастикалық аңдар және олар қайдан мекендейді» атты виртуалды кітап қоржының ұсынамыз. https://odb-abai.kz/wp-content/uploads/2021/10/Moj-film-2.mp4
Қыркүйек 28, 2021 «Техника қалай жұмыс істейді» By odb-abai inЖаңалықтар Саған «Техника қалай жұмыс істейді» атты кітап қоржынын ұсынамыз. Біздің ойымызша, техника адамға үйде, мектепте, көшеде, өндірісте – барлық жерде көмектеседі! Бірақ, сен оның қалай құрылғаны туралы ойланып көрдің бе? Мысалы, ұшақтың құлап кетпеуіне, кеменің батып кетпеуіне, пойздың рельстен шығып кетпеуіне қандай күш көмектеседі? Және де бұл техниканың бәрін кім ойлап тапты? Бұл кітаптар барлық құпияларды ашады … https://odb-abai.kz/wp-content/uploads/2021/10/Moj-film-1.mp4
Қыркүйек 23, 2021 КИІЗ ҮЙ By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада «КИІЗ ҮЙ» этноконструкторын жинаудан тренинг өтті. Іс – шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды жандандыру, ата-бабаларымыздан қалған асыл-мұраны сақтауға, қастерлеуге шақыру. Шара барысында кітапханашы балаларға киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беріп, жүйелі түрде киіз үйдің құрылысы және жабдықтарымен таныстырды.Тренингке №4 ЖББОМ-тің 5 сынып оқушылары қатысып, балалар киіз үйді құрастыруға атсалысты.
Қыркүйек 22, 2021 Кірпі By odb-abai inЖаңалықтар 22 қыркүйекте «Шуақ» балалар шығармашылық студиясының кезекті сабағы өтті. Балалармен Татьяна Квятковскаяның «Кірпінің инелері қалай пайда болды» әңгімесін оқып, талқыладық, содан кейін балалар қолдағы материалдарды пайдалана отырып, «Кірпі» аппликациясын жасады.
Қыркүйек 22, 2021 Өлеңмен өзектес өмір By odb-abai inЖаңалықтар «Қауырсын қалам» әдеби клубы өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті отырыста «Н. Нұрмақов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының» 7-10 сынып оқушылары Мәдікен Алихан, Теміржан Нұрғасыр, «Ғ.Мұстафин атындағы ЖББОМ» 5-6 оқушылары Айжұлдыз бен Айзия Болатбектердің қатысуымен өтті. Әдеби клубта шығармашылықты сүйетін балалар бірікті, кітапханада олар бір-бірімен араласып, өз жетістіктерімен бөліседі, ақындық шығармаларды талқылайды, қазіргі жазушылардың шығармалары туралы пікір алмасады. Шығармашылық алаңда жас дарындар өздерінің жаңа өлеңдерін оқыды.
Қыркүйек 20, 2021 «Саяхаттар және тағы басқалары» By odb-abai inЖаңалықтар Сіздердің назарларыңызға «Саяхаттар және тағы басқалары» атты кітап қоржының ұсынамыз. Онда Сіздерді қоршаған орта туралы көптеген қызықты,таңғажайып ғылыми жаңалықтар, көптеген басқатырғыштар күтіп тұр. https://odb-abai.kz/wp-content/uploads/2021/10/Moj-film-3.mp4
Қыркүйек 16, 2021 Расчитайка. Как помочь ребенку полюбить чтение By odb-abai inБасты Кітапханада Юлия Кузнецованың «Расчитайка. Как помочь ребенку полюбить чтение» кітабының таныстырылымы өтті. Юлия Кузнецова балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың авторы, өздігінен және отбасылық оқу үшін кеңестерін, практикалық тапсырмаларын, кітаптардың тізімін, оқырман күнделігінің үлгілерін ұсынады. Автор әзілмен жазады, оның идеялары мен тұжырымдары мінездері мүлде әртүрлі балалардың «есептелуінің» жеке тәжірибесіне негізделген. Бұл басылым балаларының кітапқа және оны оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастырғысы келетін барлық ересектерге арналған.
Қыркүйек 15, 2021 Марат Жыланбаев және «Жетістік формуласы» By odb-abai inЖаңалықтар 15 қыркүйекте марафоншы, Гиннестің рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы Марат Жыланбаевтың қатысуымен «Жетістік формуласы» бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті. Студияға спортпен шұғылданатын қала мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері қатысты (23 адам). Марат Жыланбаевтың тағдыры таңғажайып. Ол –балалар үйінде тәрбиеленген, токарь мамандығын игеріп, суретшілікті жан-тәнімен таңдаған, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген азамат. Марат Төлегенұлы 90-жылдары Азия мен Африканың, Австралия мен Американың ірі шөлдерін жалғыз өзі жүгіріп өткенімен танымал. Бүгінде бес баланың әкесі жаттықтырушы ретінде қазақстандықтарға жүгіру техникасын үйретумен айналысып келеді. Бағдарлама кейіпкерінің төзімділігі, батылдығы мен табандылығы балаларды таң қалдырды. Марат Төлегенұлы өзінің жетістіктері, табыстары, қызығушылықтары туралы әңгімелеп, балалық шағындағы ең жарқын оқиғаларды, күрделі марафондарды еске түсірді, балаларды армандауға және өздерінің мақсаттарына жетуге шақырды. Марат Төлегенұлы бала кезінен суретті өте жақсы салған, оған суретші ретінде табысты мансабы болады деп болжаған, бірақ өмір бір күні оның қызығушылығын күрт өзгертті де, суретші жүгіруші болып шықты. Шытырман оқиғалы әдебиеттерді оқу болашақ марафоншының қызығушылығын оятты, ол өз алдына «мүмкін емес мақсаттар» қойып, шөлдерді, тау шыңдарын бағындыруды және әлемдегі ең үздік марафоншы болуды үйренді. Марат сонымен бірге өзінің кумирі Эфиопиядан шыққан әйгілі марафоншы, олимпиада қашықтығын жалаңаяқ жүгіріп өткен тарихтағы тұңғыш африкалық олимпиада чемпионы Абебе Бикила туралы әңгімелеп берді. Бүгінде Марат Жыланбаев – жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, марафондар мен ультрамарафондарға арналған өзінің жеке жаттығу жүйесін әзірлеген тәжірибелі спортшы. Қонақ бағдарлама соңында ең үздік сұрақты анықтап, №20 НОМ 9 -сынып оқушысы Сергей Поповичке Хэл Элродтың «Магия утра» кітабын сыйға тартты. Басты кейіпкерге ұйымдастырушылардан Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» сыйлық кітабы мен жетістіктің белгісі – «Жетістік формуласы» естелік кәдесыйы берілді.
Қыркүйек 12, 2021 Ертегілер мен оқиғалар сағаты By odb-abai inЖаңалықтар Жазушы, балаларға арналған кітаптардың авторы Инжевская Наталия Ивановна бүгін біздің кішкентай оқырмандарымыз және басқалары үшін «Ертегілер мен оқиғалар сағаты» циклінен дауыстап оқу шарасын өткізді. https://odb-abai.kz/wp-content/uploads/2021/10/Moj-film.mp4
Қыркүйек 10, 2021 Марат Бисенғалиевтің «Жетістік формуласы» By odb-abai inЖаңалықтар 10 қыркүйекте «Жетістік формуласы» тележобасының кезекті түсірілімі болды. Қала мектептерінің музыкаға құштар балалары саусағынан бал тамған қазақстандық скрипкашы, шебер Марат Бисенғалиевпен диалог өткізді. Өзіндік қайталанбас ойын стилі бар Марат Бисенғалиев ойнаудың бай техникасы мен жарқын эмоция сыйлауды шебер меңгерген. Оны британдық «The Times» газеті «brilliant violin soloist», ал американдық «Fanfare» журналы қазіргі заманғы Изаи деп атады. Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап қонақ өзінің атақтарды ұнатпайтынын атап өтіп, салиқалы жасына қарамастан, өзін жай ғана «Марат» деп атауды өтінді. Бағдарламаның кейіпкері үшін музыка оның өміріндегі ең мәндісі болып шықты. Ол бала кезінен өзінің бүкіл өмірі сахнамен және скрипкада ойнаумен байланысты болатынына сенімді болды. Отбасы жас скрипкашының бастамасын үнемі қолдап отырған. Бүгінгі күні Марат Бисенғалиев Үндістан тарихындағы алғашқы кәсіби симфониялық оркестрдің негізін қалаған әлемге танымал тұлға, AAPRO (Азия-Тынық мұхиты өңірінің симфониялық оркестрлері альянсы) директорларының бірі болып табылады, өзінің шеберлігі мен жаңашыл идеялары үшін көптеген марапаттарға ие. Қонақ студиядағы балаларға Мәскеу консерваториясында оқып жүргенде қандай қиындықтарға тап болғаны, Колумбия бойынша жасаған ұмытылмас саяхаты, өзінің «До… Ре…» мен «Ми…Фа…» кітаптары мен өміріндегі белгілі бір ынталандыру болған бала кездегі арманы – «Мерседес» автобилі туралы әңгімелеп берді. Балаларды классикалық музыканы орындаудағы жаңа технологиялар туралы әңгіме қызықтырды. Марат қосымша шынайылық беретін VR-дулыға жасап, арнайы бағдарлама әзірлеген. VR-дулыға студенттердің симфониялық концерт атмосферасына енуіне көмектеседі. Марат Сәметұлы квадродыбысты қолдана отырып, «Миссия на Марс»концерттік бағдарламасын ұсынған. Ол классикалық музыканы ұсынудың жаңа формулаларын үнемі ізденуде. Бағдарлама қонағы балаларға өз уақытында мамандыққа айналып, жетістікке жеткізетін хобби табуларына кеңес берді. Марат Бисенғалиев: «Өмір – зебра, сондықтан биікте самғап, одан құлауды абыроймен өтуді үйрену қажет», – деді. Марат Бисенғалиевті өзіндік ерекшелігі қалыптасқан, шығармашылығында батыл, тәжірибе мен жаңашылдыққа қабілетті, өмірлік энергияға толы музыкант және дирижер ретінде толығымен сипаттауға болады. Қонақ бағдарлама соңында ең қызықты сұрақтар қойған балаларға музыкалық шығармалары жинақталған CD-дискілерді сыйға тартты. Кездесу дәстүрлі түрде кітап сыйлығымен аяқталды. Басты кейіпкерге ұйымдастырушылардан Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабы мен жетістіктің белгісі «Жетістік формуласы» естелік кәдесыйы берілді.