«Дәуірдің дара тұлғасы» пікір кеші

«Дәуірдің дара тұлғасы» пікір кеші

Кітапханада көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Дәуірдің дара тұлғасы» атты пікір кеші өткізілді.
Балалар «Құпиялар. Тағдарлар. Есімдер. Мұхтар Әуезов» деректі фильмінен үзінділерді тамашалады. Кітапханашы қазақ әдебиеті классигінің өмірі мен шығармаларының беймәлім фактілері туралы әңгімеледі. №1 гимназияның 10, 11 «А» сынып оқушылары оқыған шығармаларының әсерімен бөлісті.
Алексей Лемко К.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік Халықтар достығы орденді орыс драма театрындағы Абайдың өмірі туралы «Знай, потомок, дорогу я для тебя стлал» спектаклінің қойылымына актер ретінде қалай қатысқаны туралы әңгімелеп берді. Кешке қатысқандардың әрқайсысы М.Әуезовтің шығармашылығы туралы өз пікірін білдірді.
М.Әуезов шығармашылығының қазіргі қазақ әдебиетіне әсері туралы педагогика ғылымдарының магистрі Г.Жұмаділованың баяндамасы қызықты болды.

Comments are closed.