Archive Қыркүйек 2023

Печа-куча «Бізбен бірге істе! Бізден асып түс!»

Халықаралық Форум «Печа-куча» немесе «Бізбен бірге істе! Бізден асып түс!» атты үздік тәжірибелерге арналған кәсіби алаңның жұмыстарымен жалғасын табуда.
Қазақстан Республикасының облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханаларының үздік тәжірибелерін бөлісуге арналған алаңда әрқайсысы балалардың кітапханаға келіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда атқарып жатқан ауқымды жобаларын ұсынып, тәжірибе алмасты.

Форумның ашылу салтанатымен басталған іс -шара, пленарлық алаңға ұласты.

Пленарлық алаңда: «Балам ақылды болсын десеңіз… Және бұл миссиядағы кітапхана ролі» Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының басшысы Б.Қ.Уатаева., «Кітапханананың жобалық қызметі: кітапхана тәжірибесінен» К.Баялинов атындағы Республикалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы) Р.К. Султангазиева және «ҚазҰЭК жаңғыртудың жол картасы» тақырыбында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша орынбасары (Астана қ., ҚР) Н. Н. Жолдыбалинов баяндама жасады.

«Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі» халықаралық форумының алғашқы күні

Бүгін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі»халықаралық форумының алғашқы күні. Форумға Қырғызстан, Ресей елдері балалар кітапханаларының басшылары, балалар жазушылары, Қазақстанның ұлттық және облыс кітапханаларының басшылары, қоғам қайраткерлері қатысуда.
Ашылу салтанатында: Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық даму мәселелері жөніндегі орынбасары Е.Ш. Әліқұлов., Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Жазушылар одағының балалар жазушылары секциясының төрағасы Н.Б. Ақыш., ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы және Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы Р.К. Омарбекова; және қазақстандық суретші, «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының белсендісі К. Т. Күйіков құттықтау сөз сөйлеп, ыстық ықыластарын білдірді.

«Тіл – достықтың алтын көпір» кітап көрмесі

Кітапхананың оқу залында Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Тіл – достықтың алтын көпір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге кітапхана қорындағы барлық ұлттардың мәдениеті, тарихы, тұрмысы мен салт-дәстүрлері туралы материалдар және әртүрлі тілердегі басылымдар, грамматикалық сөздіктер, әдістемелік құралдар ұсынылған.

«Келіңіз! Қараңыз! Оқыңыз!» кітапханалық non-stop

Бүгін ерекше күн – Білім күні. Кітапхана өз оқырмандарын қызықты жаңа басылымдармен және жаңартылған кеңістікпен қарсы алады. Оқу жылының бірінші күні балалар мектепте өткен салттанаты жиынан кейін кітапханаға саяхат жасауға келді. Оқушылар кітапхана бөлімдерімен танысты.
Қымбатты достар! Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп, бірге кітап оқиық!