Archive Қыркүйек 2023

«Өрт қауіпсіздігі» ақпараттық нұсқаулық

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні кітапхана қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізілді.
Ақпараттық нұсқаулықты Қарағанды қаласының ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Сағатаев Дамир Нұрланұлы жүргізді. Кітапхана қызметкерлері мекемеде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы әңгімелесіп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелерін түсіндіріп өтті.
Іс-шара соңында барлық қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жадынамасы мен төтенші жағдайларға жауапты мекеме телефондары таратылды.

 

 

Еңбек күні

Кітапхананың оқу залында Еңбек күніне орай «Ер дәулеті – еңбек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Еңбек – адам өміріне қажетті материалдық, рухани және басқа құндылықтарды құруға бағыттталған адамның іс-әрекеті.
Көрмеге кітапхана қорындағы Ө. Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық», «Әр кәсіптің – өз нәсібі бар», С. Қамшыгердің «Кім болам», Қ. Манзураның «Еңбекқор мен жалқау адам», Г. Шалаеваның «Хочу стать поэтом» және әр түрлі кәсіптер туралы материалдар ұсынылған.

 

Кітапханаға саяхат

Кітапханамызға Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау орталығының оқушылары келді. Балалар кітап әлеміне саяхат жасау барысында өздері үшін кітапханадағы ең қызықты жерлер мен ең қызықты кітаптарды атап өтті.
Кітапханашылар кітапхана тарихын баяндап, балаларға кітапхана қорындағы басқатырғыш кітаптар, панорамалық кітаптар, 3D қосымшалы музыкалық сүймелдеуі бар басылымдар және сандық кітаптар жайлы айтып, көрсетті.
Саяхаттау соңында балаларды кітапханаға жазып, оқырмандарға түрлі іс-шаралар мен үйірмелерге қатысуды ұсындық.

«Аңызға айналған мүсінші»

Кітапханада қазақстандық суретші, жерлесіміз Анатолий Билыктің туғанына 95 жыл толуына орай «Аңызға айналған мүсінші» атты таныстыру сағаты өтті.
Іс-шараға қатысушыларға мүсіндік жанрдың белгілі шебері туралы Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының бас сақтаушысы Дәмелі Қадырқұлова қызықты әңгімелеп берді.
Балалар мүсіншінің өміріндегі қызықты деректермен танысты, бейнематериалдардағы монумент жұмыстарын көруге мүмкіндік алды, сондай-ақ мұражай қорында сақталған А.Билыктің жұмыстарымен танысты.

 

«Ұлы жыраудың торқалы тойы» кітап көрмесі

Бұқар Жырау Қалқаманұлының туғанына 355 жыл толуына орай кітапханада «Ұлы жыраудың торқалы тойы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бұқар жырау XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі. Қазақтың ұлы ханы Абылайдың ақыл-кеңесшісі, ақылгөй поэзияның ірі өкілі болған. Аласапыран заманның тіршілік болмысын, ел басына төнген қауіп-қатерді, әлеуметтік мәселелерді жырлаған. Толғаулары ой тереңдігімен, аз сөзбен көп мағына бере алуымен ерекшеленеді.
Оқырман назарына «Бұқар жырау» энциклопедиясы, «Жақсының аты өлмейді» фотоальбомы, Ж. Омаридың «Бұқар жырау» ғұмырнамасы, «Бұқар жырау Қалқаманұлы» шығармалары және т.б. басылымдар ұсынылды.

Дискуссия алаңы

Іс – шара өз жалғасын «Балалар кітапханаларының өзекті мәселелері» атты дискуссиялық алаңға ұласты. Аталмыш алаңда «Балалар кітапханаларының өзекті мәселелері», «Балалар кітапханасының сайты мен аккаунты: оқырмандар әлде кітапханашылар үшін бе?», «Цифрлық замандағы балалар кітапханаларының даму жолдары» тақырыбында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша орынбасары Н.Н. Жолдыбалинов (Астана қ.), ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметінің топ жетекшісі А.Н.Шүленбаева (Алматы қ.), Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының басшысы Г.К.Инкарбекова (Тараз қ.) балалар кітапханалары мен мектеп кітапханалары туралы өзекті мәселелер жайлы сөз қозғады.

Ашық микрофон

Халықаралық форумның екінші күні «Ашық микрофон» алаңында біздің белсенді оқырмандарымыз кітапхананың көпжылдық достары мен бүлдіршін оқырмандарымыздың ата-аналары кітапхананың 70 жылдық торқалы тойымен өз құттықтауларын жолдады.
Қатысушылардың назарына балалардың кітап оқу және кітапхананың рөлі туралы қызықты ойлары жайлы түсірілген «Кітапхана. Кітап. Оқы!» атты бейнеролик ұсынылды.

Қазақстандық балалар жазушыларымен кездесу

70 жылдық мерейтойға арналған «Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі» атты халықаралық форумның аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар бүгін өз жалғасын жазушылармен кездесуден бастағалы отыр. Кездесуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушылар одағының балалар жазушылар секциясының төрағасы Н. Ақыш пен республикалық «Мұнара» газеті мен «Иман» журналының бас редакторы С.Хасан сонымен қоса ақын, қоғам қайраткері Н.Инжевская мен А.Шипулина сынды балалар жазушылары қатысты.
Кездесу барысында жазушылар өздерінің сүбелі әңгімесімен қоса, қазіргі заман авторлары жайлы ойларымен бөлісті. Оқырмандар жазушылармен сырласу барысында түрлі көкейде жүрген сауалдарға жауап алды деген сенімдеміз.

«3D: Даму. Дағды. Демал» friends-акция

Форум аясында шетелдік қонақтар, облыстық республикалық кітапханалардың басшылары, облыс және қала кітапханашылары «3D: Даму. Дағды. Демал» friends-акциясына қатысты.
Қонақтарға «Киіз үй» этноқұрастырғышын жинау, «Библиографиялық құралдар» көрмесі, «Кітапханадағы ойын алаңы», «Имиджіңді өзгерт» фото аймағы кітапханашының келбетің жасауға көмектесті, ал іс-шара лотерея ұтыс ойынымен аяқталды.

Мастер-класс

Форум ірі жобалармен таныстыруға бағытталған жетекші сарапшы-мамандардың шеберлік сыныптарына ұласты.
Ресей мемлекеттік балалар кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі, «Подари ребёнку книгу» жобасының үйлестірушісі М. А. Молчанова (Мәскеу қ., РФ) оқырмандарды кітап оқуға тарту және бәсекеге қабілеттілікті арттыру тәсілі ретінде балалар кітапханалары саласындағы инновациялық жобаларды ұсынды. Мария Александровна «Символы России», «Виртуальный музей диафильма», «Подари ребенку книгу» атты ірі жобалар туралы айтып берді. «Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапхана» КММ (Қостанай қ.) әріптестері Қостанай облысының кітапханаларында үйірме қызметін құру және жүргізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. 2-4 сынып оқушыларына арналған «Зиянды лайфхактар» цифрлық этикеті бойынша электрондық нұсқаулықтың тұсаукесерін өткізді.