Сәуiр 7, 2024 Библиотур «Балалар кітапханасы: қала картасындағы нүкте» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне экскурсиясы өткізілді. Балалар кітапхана тарихымен, үйірмелер мен клубтардың жұмысымен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен танысты. Барлық балалар кітапханаға жазылды. Экскурсиядан кейін кітапханашы А. С. Пушкиннің ертегілері бойынша викториналық сұрақтар жасырып «По щучьему велению» фильмін көруге ұсынды.
Сәуiр 4, 2024 «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада «Гвоздичка» балабақшасының «Құлыншақ» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Әріптер сөйлейді» тақырыбында өткізілді. Тақырыбының өзі айтып тұрғандай «Әліппе – білім бастауы» демекші, баланың ең алғашкы кітабы – әліппе. Сабақ барысында балаларға дыбыстар мен әріптер туралы түсінік беріп, әріптердің қазақ тілінде қалай дыбысталып айтылатынын үйреттік.
Наурыз 31, 2024 «Көктемгі құс» By odb-abai inЖаңалықтар «Шуақ» шығармашылық студиясы өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті сабақтың тақырыбы «Көктемгі құс». Балалар мынандай сұрақтарға жауап берді: Қандай құстар жылы жаққа ұшып, көктемде оралады? Көктемде қандай құстар ән сала бастайды? Әңгіменің соңында балалар «Бұтақтағы құс» аппликациясын жасады.
Наурыз 31, 2024 «Қауырсын қалам» әдеби клубы By odb-abai inЖаңалықтар «Қауырсын қалам» әдеби клубының жас ақын достары өте көп. Олардың арасында аға буын авторлар бар. Қаламгерлер кітапханаға келгенді ұнатады. Олар жас әріптестерімен өлең жазу құпияларымен бөліседі, поэтикалық өнердің кедергілері мен қиындықтары туралы әңгімелейді. 31 наурыз күні клуб отырысы қарағандылық ақын Вилена Брусникинаның қатысуымен өтті. Ақын бірнеше өлеңдер жинағының авторы, Қазақстандағы, Ресейдегі және Франциядағы поэзия байқауларының қатысушысы және лауреаты. Оның өлеңдері «Писатели русского мира: ХХІ век» поэзия энциклопедиясына енген және «Александр Пушкин – 225 лет» медалінің иегері. Ақынның шығармалары қазақ және қытай тілдеріне аударылған. В. Брусникина қазақ ақыны Салтанат Қайырбектың өлеңдеріне орыс тіліне аударған. Қонақ шара барысында «Қауырсын қалам» клубының мүшелеріне өлең жазу құпияларымен бөлісіп бағыт-бағдар боларлық ақыл-кеңесін берді.
Наурыз 31, 2024 «Ертегі патшасы – Андерсен» By odb-abai inЖаңалықтар 31 наурызда Балалар кітабының апталығы аясында бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған «Қар ханшайымы» ертегісінің 180 жылдығына орай «Ертегі патшасы – Андерсен» әдеби-театр сағаты өткізілді. Жүргізуші барлық қатысушыларды «Қар ханшайымы» ертегісі әлеміне саяхаттауға шақырды. Шара барысында ертегінің шығу тарихы айтылды, «Думан» балабақшасының тәрбиеленушілері ертегінің қойылымын қойды. Жас оқырмандар ән айтып, өлең оқып, викторина сұрақтарына жауап берді. Шара қызықты және танымды өтті.
Наурыз 31, 2024 «Киізден жасалған сөмке» шеберлік сыныбы By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада 31 наурызда Евгения Шульцтің жетекшілігімен шеберлік сыныбы өтті. Қатысушылар түрлі-түсті жүнді пайдалана отырып ерекше стильді шағын сөмкелер жасады. Балаларға киізден жасалған сапалы әдемі сөмке қатты ұнады.
Наурыз 29, 2024 «ОҚЫРМАН БЕНЕФИСІ» By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада 29 наурызда Балалар кітабы апталығы аясында «Оқырман бенефисі» мерекелік-құттықтау бағдарламасы өтті. Мерекелік іс-шара барысында үздік оқырман балаларды, оқырман отбасын және кітапхана серіктестерін марапаттау рәсімі өтті. Үздік оқырмандар 2023 жылдың қорытындысы бойынша 7 номинация бойынша марапатталды: • « Ең бірінші оқырман» – Ғ.Мұстафин атындағы мектептің 5 «А» сынып оқушысы Брусенко Олеся; • «Ең кішкентай оқырман» – Тимофеева Мелисса, 3 жаста; • «Шығармашыл тұлға» – Крестинский Михаил, мектеп жасына дейінгі бала; • «Шығармашыл тұлға» – Македонец Анастасия, Г. Потанин атындағы мектептің 6 «Б» сынып оқушысы; • «Оқу рекордсмені» – Маркина Ульяна, Ғ.Мұстафин атындағы мектептің 6 «А» сынып оқушысы; • «Оқу рекордсмені» – Жүкен Мансур, Шәкәрім атындағы 2 «Д» сынып оқушысы; • «Кітапхананың досы» – Токашев Абылайхан, №6 мектептің 10 “А” сынып оқушысы; • «Кітапхана досы» – Давлатияр Аружан, С.Сейфуллин атындағы гимназияның 10 «А» сынып оқушысы; • «Кітапхана серіктестері» – Салықова Дамели Айтжанқызы, «Думан» балабақшасының басшысы, Лоренц Галия Хабировна, №87 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі, Насибулаева Алтыншаш Сагынтаевна «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының» педагог-тәрбиешісі және «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының» директоры Сейсекина Данекер Сәулебаевна. «Оқитын отбасы» – Қайыртай отбасы: Қайыртай Шахиназ, Н. Нұрмақов атындағы мектеп-лицей-интернатының 5 «В» сынып оқушысы, Қайыртай Али, Шәкәрім атындағы гимназияның 3 «А» оқушысы, Қайыртай Ибрахим, Шәкәрім атындағы гимназияның 1 «А» сынып оқушысы. Дипломдарды тапсыру рәсіміне журналист-блогер, «БЖЗҚ» АҚ КОФ жетекші маманы Түсіпбекова Ақмарал Сәуірқызы, «Senimen bolashaq» Қарағанды филиалының басшысы Индира Жанұзаққызы, «Pussy cat» мысықтарды жақсы көретін әуесқойлар клубының жетекшісі Нина Анатольевна, Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің «ақпараттық-кітапхана ісі» кафедрасының меңгерушісі Муханбетчина Қызылгүл Советқызы қатысты. Кітапханамен жылдар бойы ынтымақтасып келе жатқан қонақ мен кітапхана серіктестері өз тарапынан жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыстады. Барлық номинанттар Абай атындағы ОБК дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. «Кітапхана серіктестері» номинанттары Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Мерекеде біздің үздік оқырмандарымыз бен қонақтарымыз үшін Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің 2 курс студенті Жұмабек Қадыр мен 4 курс студенті Салтанат Кеңес өз өнерлерін көрсетті.
Наурыз 28, 2024 «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі By odb-abai inЖаңалықтар Кітапханада «Еркетайым» балабақшасының «Буратино» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Менің сүйікті отбасым» тақырыбында өткізілді. Балалар ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іңі, т.б. отбасының мүшелерін атауын қазақ тілінде айтып үйренді. Суретте жасырылған отбасы мүшелерінің суретін тауып, олар туралы айтып берді. Аруна баспасынан шыққан «Суретті қазақ тілі» кітабын пайдалана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастырды.
Наурыз 28, 2024 «Записки одной души» атты онлайн кездесу By odb-abai inЖаңалықтар Балалар кітабының апталығы жалғасуда. Кітапханада Беларусь жазушы, публицист, прозашы, аудармашы балалар мен ересектерге арналған 50-ге жуық кітапттардың авторы Елена Стельмахпен «Записки одной души» атты телекөпір өтті. Шараға «Гвоздичка» балабақшасының бүлдіршіндері мен оқырмандар қатысты. Онлайн кездесу барысында балалар жазушыға сұрақтар қойып тұщымды жауап алып, автордың өлеңдері мәнерлеп оқыды. Қатысушылар Елена Анатольевнаның «Большое представление для Сонечки» кітабынан сахналық қойылым көрсетті. Жас әнші Аня Савченко «Песенку друзей» әнін орындады. Бұл әннің әуенін кітапхананың досы, қарағандылық композитор Людмила Мельникова жазған. Кездесу бағдарламасы өте мағыналы және де алуан түрлі болды: жазушының шығармалары бойынша суреттер көрмесі ұйымдастырылып «Қазынаны тап» ойыны ойнатылды.
Наурыз 27, 2024 «Алпамыс батыр» қалалық байқау қортындысы. II тур By odb-abai inЖаңалықтар Бүгін Абай атындағы балалар кітапханасында «Алпамыс батыр» эпосынан үзіндіні мәнерлеп оқу бойынша қалалық байқаудың екінші кезеңі өтті. Қазылар алқасының құрамында: ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Ж.Жарылғап; Н. Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Есенжолова Абай атыңдағы облыстық балалар кітапханасы басшыcының орынбасары Қ.Қалиева. «Алпамыс батыр» жырын мәнерлеп жатқа оқудан 17 үміткер сынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар: I орын – ММЛИ «Ақпараттық технологиялар» 7 «А» сынып оқушысы Идрисов Санжар (электронды кітап); II орын – «№ 12 Жалпы білім беретін мектеп» 9 «Ә» сынып оқушысы Рахман Наргиза (виртуалды шыны көзілдірік); III орын – ММЛИ «Ақпараттық технологиялар» 7 «А» сынып оқушысы Сиязбек Нығмет (смарт-сағаты); III орын – «№12 ЖББМ» 9 «Ә» сынып оқушысы Жагслагқызы Айсұлу (смарт-сағаты). Номинациялар бойынша (жүлделі портативті динамик): «Орындаушының шынайылығы» – «Таңшолпан» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ 7 «А» сынып оқушысы Хатамова Дана; «Әртістік шеберлік» – «№66 мектеп-лицей» 2 «А» сынып оқушысы Қайрат Ақжолтай; «Жыр жүйрігі» – ММЛИ «Ақпараттық технологиялар» 8 «А» сынып оқушысы Мұратхан Аружан; «Жыршылық өнер» – «Мағжан Жұмабаев атындағы гимназиясы» 8 «Б» сынып оқушысы Қайрат Томирис; «Алпамыс батыр» жыр білгірі – «Таңшолпан» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы 8 «А» сынып оқушысы Жаманбалин Нұрслан. Сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Кітапхана байқау жеңімпаздарын құттықтап, қатысқандары үшін барлығына алғысын білдіреді!