Archive 03.08.2018

«Мойдодыр» мультфильмі

«Күншуақ» зияткерлік бөлмесінде, «Гвоздичка» балабақшасының орта топ балалары үшін К.И.Чуковскийдің «Мойдодыр» кітабы таныстырылып, «Мойдодыр» мультфильмі көрсетілді. Балалар,«Мойдодыр» мульфильмін аса қызығушылықпен көрді.

Қызықты ғылым. Магниттік құбылыстар

Шілде айының 3 күні «Қызықты ғылым. Магниттік құбылыстар» танымдық күні аясында «Смайлики» оқу орталығының «You can» атты мектеп жанындағы лагер және №3 гимназия, №11 негізгі орта мектептің оқушыларының қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді. Балалар ғалымдарға ұқсап, магнитті пайдалана отырып, тәжірибе жүргізіп үйренді.

Аталмыш шарада оқушылар кез-келген қозғалыстағы заряд айналасында магнит өрісін тудыратынын, сол себепті зарядталған сымның айналасында магнит өрісі болатыны туралы білді. Магниттің көмегі арқылы шағын темірлерді жапсырып көрді. “Магнит” атты танымдық мультфильм тамашалады.

«Жетістік формуласы» бенефис шоуы. Сергей Анмен кездесу

«Жетістік формуласы» бенефис шоуы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының республикалық тізіліміне енгізілген «Жетістік формуласы» жобасының аясында НОМАД ММА аралас жекпе-жек өнерінің ұлттық стилінің негізін қалаушы, жаттықтырушы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, қалалық мәслихаттың депутаты Сергей Валентинович Анмен кездесу өтті. Әрі қарай оқу