«Жырымен жұртын оятқан»

Кітапхана қызметкерлері «Сарыжайау» кинотеатрымен бірлесе отырып, 21 желтоқсанда №63 ЖОББМ 10-11 сынып оқушылары үшін қазақ жазушысы, публицист, педагог, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ХХ ғасырдың дарынды ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығына арналған «Жырымен жұртын оятқан» көркем сөз мерекесін өткізді. Әрі қарай оқу

«Білгенге маржан»

Кітапханамызда қараша айының 21 күні оқушыларды анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялар және сөздіктер арқылы білімдерін жетілдіре түсу мақсатында А.Байтұрсынов атындағы №41 мектеп-гимназия оқушыларына «Білгенге маржан» атты библиографиялық сабағы өтті.

Сабақ барысында оқушылар анықтамалық әдебиеттер, әртүрлі энциклопедиялар және түрлі сөздіктермен танысып, олармен қалай жұмыс жасау керектігі жайлы ақпараттар алды. Библиографиялық сабақ соңында осы әдебиеттерді дұрыс пайдалану арқылы балалармен «Кім жүйрік» атты библиографиялық ойыны ойнатылды. Оқушылар бұл ойында «Қызылдар» және «Көктер» командасы болып екі топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды кітап көрсетіліміне қойылған (20 кітап) әдебиеттерді пайдалану арқылы жылдам орындап, білімдерін шындай түсті. Ойын соңында екі команданың ұпай сандары саналып жеңіске жеткен топ анықталды. «Көктер» командасына «Жүйрік топ» дәрежесі берілді.

Ана тілі – сарқылмайтын бұлақ

Қазақстанда 130-дан астам ұлт тұрады, олардың әрқайсысының тілі ерекше. Мәдениетті адам әрқашанда ана тіліне деген қызығушылығымен, оны жазбаша және ауызекі тілді жетік меңгеруге деген ұмытылысымен сипататалады. Қарым-қатынас саласының барлығында тілді жақсы меңгеру және бізге ата-бабаларымыздан мұраға қалған осы баға жетпес сыйды пайдалана білу іскерлігі талап етіледі. Әрі қарай оқу

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Мереке күні дәстүрлі түрде мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы табыс етіледі. Әрі қарай оқу

«Мейірімді бота»

Оқырмандар «Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағында қазақстандық жазушы Татьяна Квятковскаяның «Сказки от бабушки Еркимай» сериясымен шыққан «Ботагоз, Акбота и упавшая звезда» ертегісімен танысты.

Түрлі-түсті қарандаш және қағаздың көмегімен «Мейірімді бота» бейнесін бастырма әдісі арқылы жасады.

«Поляк мәдениеті мен әдебиетінің күні»

Кітапханада 21 ақпанда №1 гимназия, №58 ЖББОМ 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Поляк мәдениеті мен әдебиетінің күні» өткізілді.

Поляк халқының мәдениетімен, тұрмысымен, әдебиетімен және тарихымен таныстыру үшін поляк тілінің оқытушысы пани Собишек Веслава Барбара, «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының өкілдері Сосновская Виктория мен Аймагамбетов Станислав шақырылды. Әрі қарай оқу