Archive 04.07.2018

Ару қала, арман қала, бас қала – Астана

Тәуелсіз еліміз Қазақстан биыл елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өттіп жатыр.

Мерейтойлық мерекені тойлау қарсаңында Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында «Ару-кала, арман қала, бас қала – Астана» атты ойын-сауық бағдарламасыөткізілді. Бұл мерекеге Қазыбек би ауданындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің және «Нова» талант орталығының тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Әрі қарай оқу

Тарих аясындағы үш нышан

4 маусым еліміздің өміріндегі өте маңызды күн болып табылады, өйткені 26 жыл бұрын нақты осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданып, біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің басты дәлелі болды.

№1 гимназияның бастауыш сыныбының педагогы Екатерина Рент «Смайлики» жазғы лагерьдің балаларына арналған «Тарих аясындағы үш нышан» азаматтық сағатын өткізді. Әрі қарай оқу

Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар

Кітапханада  Отан қорғаушылар күніне орай №48 НОБ 9 сынып оқушыларына «Бүгінгі ұландар – ертеңгі ел қорғаушылар» атты патриоттық сағат өткізілді. Оқушыларға Бейбіт еліміздің құрыш қалқаны Қарулы Күштер туралы түсінік беріліп, Отан қорғау ісі әркімнің ең басты міндеті екені туралы әңгіме қозғалды. Әрі қарай оқу

Партизан даңқының соқпағымен

1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында №45 гимназияның 4 «А» және «В» сыныбының оқушыларымен Жеңіс күніне және белгілі қазақ жазушысы, барлаушы, партизандар қозғалысының қатысушысы – «Партизан Васяның»- Қасым Қайсеновтің 100-жылдығына арналған «Партизан даңқының соқпағымен» естелік кеші өткізілді. Әрі қарай оқу

«Пысық болдым, мінеки!

2018 жылғы 22 наурызда шығармашылығы халықаралық деңгейде бағаланған қазақстандық жазушы Марат Қабанбаев 70 жасқа толар еді. Ол 1990 жылы «Пысық болдым, мінеки! Вот он я – бывалый!» повесі үшін балалар кітабы бойынша Халықаралық кеңес тарапынан (ЮНЕСКО) екі жылда бір рет тағайындалатын Х.-К. Андерсен атындағы Құрмет дипломына ие болды, бұл қазақстандық балалар кітабының халықаралық деңгейде алғашқы танылуы болды. Әрі қарай оқу