Айдос Есмағамбетовтың қатысуымен «Жетістік формуласы» теледидарлық жобасы

Айдос Есмағамбетовтың қатысуымен «Жетістік формуласы» теледидарлық жобасы

2021 жылдың 24 мамыр күні «Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының кезекті түсірілімі Қазақстандағы гиперреалист-мүсінші, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Айдос Есмағамбетовтың қатысуымен өтті.
Айдос Есмағамбетов шынайы кейіпке жақын жасаған мүсіндерімен көпке танымал шебер. Бұл – кез-келген адамның қолынан келе бермейтін, хирургиялық нақтылықты талап ететін өнер. Оны меңгеру үшін талант пен шынайы ниет қажет. Оның туындыларының арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың, қазақтың ақын әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының, мемлекеттік қайраткер Абылай ханның, Қазақстан Республикасының бірінші қорғаныс министрі, генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетовтің, АҚШ президенті Барак Обаманың мүсіндері бар.
Жасөспірімдер мен қонақ арасындағы диалог көңілге жағымды, әсерлі өтті. Өнерге әуес балалар талантты мүсіншіден көп нәрсені сұрап білгілері келді.
«Бойыңыздағы сурет салу өнері кімнен дарыды?», – деген сұраққа, «Мен шығармашылық отбасында дүниеге келдім. Анам домбырамен ән айтады, әкем мүсінші. Осы өнер саласына келетінімді бала күнімнен біліп жүрдім. Инститтутағы оқуымды аяқтағаннан кейін, менің силиконнан мүсіндер жасауға деген қызығушылым оянды, яғни өнердің «гиперреализм» атты жаңа стилін игеруді ұйғардым», – деді Айдос Есмағамбетов.
«Кешегі бала Айдостан бүінгі жетістікке жеткен Айдосты алсақ, өзіңізді осы шыңға қалай шығардыңыз?» – деген сауалға: «Өз-өзімді дамыту, жетілдіру, іздену, еңбектену арқылы осы деңгейге жеттім. «Еңбек – бәрін жеңбек» демекші, бәрі еңбектің арқасында келеді. Мен атақты шетелдік гиперреалистердің туындыларын зерттеуге тырыстым, БАҚ беттеріндегі деректерден іздедім. Ғаламтордан ақпараттар қарап, олар қолданған материалдарын зерттеп, олармен тәжірибе жасадым. Бұл салада жалпыланған технологиялар жоқ, бәрі іздеу, бағдарлау арқылы жүзеге асады және ұзақ уақытты талап етеді».
«Менің ең үлкен арманым және мақсатым – елімізде Мадам Туссо мұражайы сияқты мүсін мұражайын ашу» – деп арманымен бөлісті. «Жетістік формуласы» телевизиялық жобасының шарты бойынша қонақ өзіне ұнаған үздік сұрақты таңдап, №104 мектеп-гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушылары Мирас Туркенов пен Аяулым Темірхановаларға естелік ретінде сыйлығын берді.
Жоба ұйымдастырушылары Айдос Есмағамбетовке А. Құнанбайұлының «Қара сөздері» кітабын және табыстылық пен танымалдықтың символы – «Жетістік формуласы» кәдесыйын табыс етті.

IMG_3273
IMG_3276
IMG_3277
IMG_3283
IMG_3285
IMG_3287
IMG_3288
IMG_3289
IMG_3292
Comments are closed.