Қаныш Сәтбаев: Тұлға, Патриот, Ғалым

Қаныш Сәтбаев: Тұлға, Патриот, Ғалым

Кітапханада көрнекті геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының және республикалық геология қызметінің негізін қалаушы, ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 120-жылдығын атап өтті.

24 сәуірде С.Сейфуллин атындағы Жезқазған қалалық әмбебап кітапханасымен «Қаныш Сәтбаев: Тұлға, Патриот, Ғалым» телекөпірі өткізілді. №7 мектеп – лицейдің (Жезқазған қаласы), №1 гимназияның, М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның (Қарағанды қаласы) балалары еліміздегі мыс пен маргенецтің мол қорын ашқан тұлғаның өмірбаянымен және қызметімен танысты.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының этнография бөлімінің басшысы Дархан Шашенов Қаныш Сәтбаевтың Қазақстанның геологиясын дамытуға қосқан үлесі туралы әңгімелеп берді. Ардагер-металлург Ильясов Нұғмет қазақстандық ғылымның өркендеуі туралы қам жеген Ғылым академиясының президентімен болған кездесулер туралы еске түсірді. Қаныш Сәтбаевпен жеке кездесу Алтыншаш Жармағанбетоваға да бұйырған, ол телекөпірге қатысушыларға Қаныш Сәтпаев пен оның жұбайы Таисияның қандай адамдар болғаны туралы айтып берді.

Жезқазған тарихи-археологиялық музейдің қызметкері Ғабдул Ауезов ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңыздылығын ашып, Қазақстанның жер қойнауы байлығының ашылу және геологиялық зерттелу тарихының жарқын беттері Қаныштың есімімен байланысатынын баяндады.

Іс-шара соңында балалар Қаныш Сәтбаевқа арналған өлеңдерді оқыды, кітап көрмесі арқылы академиктің мұрасы туралы кітаптармен және журналдар мен газеттердегі мақалалармен танысты.

 

Comments are closed.