«Жолбарыс мен тышқан»

«Шуақ» шығармашылық студиясының кезекті сабағында балалар «Жолбарыс мен тышқан» ертегісі бойынша тышқанның көлемді аппликациясын жасады.

«Қаныш Сәтбаев – ұлы геолог, ғалым» кітапханалық дәріс

Аса көрнекті ғалым, өз заманының әйгілі табиғат зерттеушісі, геолог, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қаныш Сәтпаев – ұлы геолог, ғалым» атты кітапханалық дәріс өткізілді.
Дәрісті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Қасымова жүргізді. Шараға Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ-ның 9-сынып оқушылары қатысты. Ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақатында «Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды.
Қазақстанның білімін, ғылымын, өнерін дамытуға зор үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметін айшықтатын танымдық мәні бар мұндай шаралар оқушылардың жеке тұлға және болашақта әртүрлі саланың білікті мамандары ретінде қалыптасуында ерекше орын алары да сөзсіз.

Библиотур «Балалар кітапханасы: қала картасындағы нүкте»

Кітапханада «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне экскурсиясы өткізілді. Балалар кітапхана тарихымен, үйірмелер мен клубтардың жұмысымен, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерімен танысты.
Барлық балалар кітапханаға жазылды. Экскурсиядан кейін кітапханашы А. С. Пушкиннің ертегілері бойынша викториналық сұрақтар жасырып «По щучьему велению» фильмін көруге ұсынды.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Кітапханада «Гвоздичка» балабақшасының «Құлыншақ» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Әріптер сөйлейді» тақырыбында өткізілді.
Тақырыбының өзі айтып тұрғандай «Әліппе – білім бастауы» демекші, баланың ең алғашкы кітабы – әліппе.
Сабақ барысында балаларға дыбыстар мен әріптер туралы түсінік беріп, әріптердің қазақ тілінде қалай дыбысталып айтылатынын үйреттік.

«Көктемгі құс»

«Шуақ» шығармашылық студиясы өз жұмысын жалғастыруда. Кезекті сабақтың тақырыбы «Көктемгі құс». Балалар мынандай сұрақтарға жауап берді: Қандай құстар жылы жаққа ұшып, көктемде оралады? Көктемде қандай құстар ән сала бастайды? Әңгіменің соңында балалар «Бұтақтағы құс» аппликациясын жасады.

«Қауырсын қалам» әдеби клубы

«Қауырсын қалам» әдеби клубының жас ақын достары өте көп. Олардың арасында аға буын авторлар бар. Қаламгерлер кітапханаға келгенді ұнатады. Олар жас әріптестерімен өлең жазу құпияларымен бөліседі, поэтикалық өнердің кедергілері мен қиындықтары туралы әңгімелейді.
31 наурыз күні клуб отырысы қарағандылық ақын Вилена Брусникинаның қатысуымен өтті. Ақын бірнеше өлеңдер жинағының авторы, Қазақстандағы, Ресейдегі және Франциядағы поэзия байқауларының қатысушысы және лауреаты. Оның өлеңдері «Писатели русского мира: ХХІ век» поэзия энциклопедиясына енген және «Александр Пушкин – 225 лет» медалінің иегері. Ақынның шығармалары қазақ және қытай тілдеріне аударылған. В. Брусникина қазақ ақыны Салтанат Қайырбектың өлеңдеріне орыс тіліне аударған.
Қонақ шара барысында «Қауырсын қалам» клубының мүшелеріне өлең жазу құпияларымен бөлісіп бағыт-бағдар боларлық ақыл-кеңесін берді.

«Ертегі патшасы – Андерсен»

31 наурызда Балалар кітабының апталығы аясында бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған «Қар ханшайымы» ертегісінің 180 жылдығына орай «Ертегі патшасы – Андерсен» әдеби-театр сағаты өткізілді. Жүргізуші барлық қатысушыларды «Қар ханшайымы» ертегісі әлеміне саяхаттауға шақырды. Шара барысында ертегінің шығу тарихы айтылды, «Думан» балабақшасының тәрбиеленушілері ертегінің қойылымын қойды. Жас оқырмандар ән айтып, өлең оқып, викторина сұрақтарына жауап берді. Шара қызықты және танымды өтті.

«Киізден жасалған сөмке» шеберлік сыныбы

Кітапханада 31 наурызда Евгения Шульцтің жетекшілігімен шеберлік сыныбы өтті. Қатысушылар түрлі-түсті жүнді пайдалана отырып ерекше стильді шағын сөмкелер жасады. Балаларға киізден жасалған сапалы әдемі сөмке қатты ұнады.

«ОҚЫРМАН БЕНЕФИСІ»

Кітапханада 29 наурызда Балалар кітабы апталығы аясында «Оқырман бенефисі» мерекелік-құттықтау бағдарламасы өтті.
Мерекелік іс-шара барысында үздік оқырман балаларды, оқырман отбасын және кітапхана серіктестерін марапаттау рәсімі өтті.
Үздік оқырмандар 2023 жылдың қорытындысы бойынша 7 номинация бойынша марапатталды:
• « Ең бірінші оқырман» – Ғ.Мұстафин атындағы мектептің 5 «А» сынып оқушысы Брусенко Олеся;
• «Ең кішкентай оқырман» – Тимофеева Мелисса, 3 жаста;
• «Шығармашыл тұлға» – Крестинский Михаил, мектеп жасына дейінгі бала;
• «Шығармашыл тұлға» – Македонец Анастасия, Г. Потанин атындағы мектептің 6 «Б» сынып оқушысы;
• «Оқу рекордсмені» – Маркина Ульяна, Ғ.Мұстафин атындағы мектептің 6 «А» сынып оқушысы;
• «Оқу рекордсмені» – Жүкен Мансур, Шәкәрім атындағы 2 «Д» сынып оқушысы;
• «Кітапхананың досы» – Токашев Абылайхан, №6 мектептің 10 “А” сынып оқушысы;
• «Кітапхана досы» – Давлатияр Аружан, С.Сейфуллин атындағы гимназияның 10 «А» сынып оқушысы;
• «Кітапхана серіктестері» – Салықова Дамели Айтжанқызы, «Думан» балабақшасының басшысы, Лоренц Галия Хабировна, №87 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі, Насибулаева Алтыншаш Сагынтаевна «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының» педагог-тәрбиешісі және «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының» директоры Сейсекина Данекер Сәулебаевна.
«Оқитын отбасы» – Қайыртай отбасы: Қайыртай Шахиназ, Н. Нұрмақов атындағы мектеп-лицей-интернатының 5 «В» сынып оқушысы, Қайыртай Али, Шәкәрім атындағы гимназияның 3 «А» оқушысы, Қайыртай Ибрахим, Шәкәрім атындағы гимназияның 1 «А» сынып оқушысы.
Дипломдарды тапсыру рәсіміне журналист-блогер, «БЖЗҚ» АҚ КОФ жетекші маманы Түсіпбекова Ақмарал Сәуірқызы, «Senimen bolashaq» Қарағанды филиалының басшысы Индира Жанұзаққызы, «Pussy cat» мысықтарды жақсы көретін әуесқойлар клубының жетекшісі Нина Анатольевна, Тәттімбет атындағы Өнер колледжінің «ақпараттық-кітапхана ісі» кафедрасының меңгерушісі Муханбетчина Қызылгүл Советқызы қатысты.
Кітапханамен жылдар бойы ынтымақтасып келе жатқан қонақ мен кітапхана серіктестері өз тарапынан жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыстады.
Барлық номинанттар Абай атындағы ОБК дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. «Кітапхана серіктестері» номинанттары Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекеде біздің үздік оқырмандарымыз бен қонақтарымыз үшін Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің 2 курс студенті Жұмабек Қадыр мен 4 курс студенті Салтанат Кеңес өз өнерлерін көрсетті.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

Кітапханада «Еркетайым» балабақшасының «Буратино» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен «Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағы «Менің сүйікті отбасым» тақырыбында өткізілді.
Балалар ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іңі, т.б. отбасының мүшелерін атауын қазақ тілінде айтып үйренді. Суретте жасырылған отбасы мүшелерінің суретін тауып, олар туралы айтып берді. Аруна баспасынан шыққан «Суретті қазақ тілі» кітабын пайдалана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастырды.