«Ертегілер мен оқиғалар сағаты»

«Ертегілер мен оқиғалар сағаты» жобасы аясында кезекті даауыстап оқулар өтті.
Қарағанды облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Киселева Ирина Болеславовна балаларға кітап оқыды. Ол жас оқырмандарды Татьяна Русакованың өте қызықты «Фея Бориса Ларисовна» кітабымен таныстырды.
Әңгімедегі кейіпкерлердің, тынымсыз өнертапқыштардың, бұзақылардың, қиялшылдардың бастан кешкен шытырман оқиғаларын есту әрбір мектеп оқушысы үшін қызықты да күлкілі болды.

Библиолекторий

Үш бәйтерек, үш діңгек: Сәкен, Іляс, Бейімбет өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да мәнді болып табылады. Кітапханада қазақ халқының асыл перзенті, жазушы, Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Сәкеннің сыры» атты кітапханалық дәріс өткізілді.
Дәрісті Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Сәуле Қасымова жүргізді.
Шараға Нұркен Әбдіров атындағы мектептің 9 «Б» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында С. Сейфуллиннің еңбектері, атқарған қызметтері жайлы мағлұмат алып, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында бейнеролик тамашалады.
Дәріс соңында «Сәкен мұрасы – халық қазынасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

«Кітап әлеміне саяхат»

Бүгін «Ертөстік» балабақшасының дайындық тобының бүлдіршіндері кітапханамызда болды. Кітапхана қызметкерлері балаларды қарсы алып, кітап әлеміне қызықты саяхат жасады. Балалар «Қарағанды иллюстрацияларда» атты фотогалереямен танысып, содан кейін күзгі тақырыпқа арналған қолөнер бұйымдарын жасады.

«Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» кітап көрмесі

Кітапхананың оқу залында «Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме қоғамның басты мәселесіне айналған осы ауқымды тақырыпты қозғау мақсатында құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың борышы. Сыбайлас жемқорлықты жеңу үшін қоғам болып белсенділік таныту қажет.
Көрмеге ұсынылған әдебиеттерде сыбайлас жемқорлықтың экономикаға тигізетін әсері туралы ғылыми еңбектер және көркем әдебиет сюжеттері арқылы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жойқын салдары көрсетілген.

«Бір ел-бір кітап» акциясы

Бүгін кітапханаға № 2 арнайы мектеп-интернатының балалары келді. Оқушылар балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларымен танысты. Жазушының мерейтойына аясында балалар кітапханашыларға бірнеше сұрақтар қойып сұхбат алды. Шара барысында балалар кітаптың адам өміріндегі рөлі туралы білді.

«Рухани келісім – татулық тұғыры» ақпараттық сағат

Кітапханада Рухани келісім күні қарсаңында «Рухани келісім – татулық тұғыры» атты ақпараттық сағат өткізілді. Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облыстық филиалының РМҚК директоры Байбосынтегі Серікжан Берікбайұлы қатысты.
Қонақ тағылымға толы іс-шара барысында Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия оқушыларына Қазақстандағы этносаралық келісім мен татулық маңызын түсіндіріп өтті.

«Қаржылық сауаттылық негіздері» тренингі

Бүгін кітапхана қызметкерлеріне Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясының қызметкері Жанна Қабылбекова «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында дәріс өткізді. Тренинг барысында жаттықтырушы кітапханашыларға ақшамен жұмыс істеуде маңызды дағдыларды дамытуға көмектесетін тәжірибемен бөлісіп және табысымызды дұрыс және сауатты бөлуді үйретті.

«Өз құқықтарыңды біл!»

11 қазанда кітапханашылар № 3 гимназияда болып, 3 сынып оқушыларына «Өз құқықтарыңды біл!» атты құқықтық сағатты өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы балаларға бала құқықтары туралы Конвенцияның не екенін түсіндірді. Балалар ертегі кейіпкерлерінің ғана емес, өздерінің де құқықтарын анықтады. Өз құқықтарымызды пайдалана отырып, басқалардың құқықтарын бұзуға болмайды, құқықтардан басқа әркімнің өз міндеттері бар деген қорытындыға келдік.

«Қарлығаш» бөбекжайының тәрбиеленушілерімен кездесу

Бүгін мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері «Қарлығаш» бөбекжайына барды.
Балалар кітапхана туралы қысқаша мағлұмат алды. Кітапханашылар кішкентай оқырмандардың назарына түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітаптарды ұсынды. Балалар кітап парақтарын қызығушылықпен қарап, өздеріне таныс кейіпкерлерді қызықтап көрді.

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесі

«Кел, қазақша сөйлейік!» үйірмесінің кезекті сабағында «Гвоздичка» балабақшасының «Аққу» тәрбиеленушілерінің қатысуымен баланы дамытуға арналған танымдық тапсырмалар жинақталған «Фолиант» баспасынан жарық көрген «Қандай киім киемін?» кітапшасынан сабақ өтті.
Үйірме жетекшісі балаларды жыл мезгілдері бойынша киетін киім-кешектің түрлерімен танысты. Сабақ сергіту сәтімен жалғасып, балалар әр түрлі тапсырмалар орындады.